30 Наурыз 2020

РУХ ПЕН ТІЛ


26/09/2019 204 0

РУХ ПЕН ТІЛ

Әні мен сөзін жазған:М.Шаханов

Табиғаттың өзгермейтін заңына бұр бетіңді,

Қай кезде де туған тілің туған анаң секілді.

Бабалардың арманы бар мына қызыл гүлдерге,

Олар елін,тілін қорғап жанын қиған бұл жерде.

Қайырмасы:

Ұлтсыздану заманында,

Тілің нарық табанында.

Көнбістік бар қадамыңда,

Рухыңды басып кетті қарын.

Тіліңді жоғалтсаң,

Діліңді жоғалтсаң

Жоғалтасың бәрін.

 

Адам қанша болғанымен дарынды әрі табанды,

Туған жерін сүймей тұрып,сүймек емес ғаламды.

Өзге ананың мазмұнына,мерейіне тор құрар,

Алдыменен өз анасын сүйе алмаған сорлылар.

 

Нарық- ғасыр бәрін сатып жібере ме алтынға,

Кім қалады сол алтынға сатылмайтын қаллпында?

Жалғандық бар ұлтсыздардың беделі мен даңқында,

Ана тілін сыйламаған сыйламайды халқын да!

0 пікір