21 Қазан 2019

МЕРЕКЕ ҚҰЛКЕНОВ, ЖАЗУШЫ: ЕШҚАШАН ЖАЛЛҒАНДЫҚҚА БАРҒАН ЕМЕС


08/09/2019 11 0

  1. Мен Мұхтар Шаханов ағамыздың бойындағы көптеген қасиеттерін қадірлеймін. Соның ішінде жалпы адам баласына, халқына адалдығын ерекше бағалаймын. Ол қазақтың белгілі ақыны ретінде ешқашан жалғандыққа барған емес. Мұхтар Шаханов- үнемі ақиқаттың бетіне тура қарап, ойын ірікпей батыл айтатын, баяғы Махамбеттердің ізімен келе жатқан бірегей ақындардың бірі. Шындап келгенде, Махамбеттен кейін билікке елдің, халықтың басына түскен қиындықтар жайлы Мұхтар Шаханов айтып жүр десек, артық айтқандық емес. Желтоқсан оқиғасының шындығын айтуға қатысты шаруалардың басы- қасында Мұхаң болған. Бір кездері «мемлекеттік тіл қостілді болуы керек» деген әңгіме шығып, таразының екі басында екі тіл тең түсіп тұрған кезде  Мұхаңның бір ауыз сөзімен ана тіліміз мемлекеттік тіл болды. Қазақ мұны ұмытпауы керек деп ойлаймын. Сонымен қатар ол кісі- жалпы қазақтың ел болып қалыптасуына, іргесін бекітуіне, басқа халықтармен тепе- тең тұруына және халықтың мәдениеті мен әдебиетіне, діні мен діліне қатысты мәселелердің  бәріне араласып жүрген ақын.
  2. Мұхаң- әзілді жақсы көретін адам. Өзінен бастап айналасындағы адамдарға байланысты әзіл сөздерді көп айтады. Тіпті кейбірі қанатты сөзге айналып кеткен. Мысалы, қарны бар інілерін көрсе әзілдеп: «Қарын алға кеткенде дарын артқа кетеді»,- дейді екен.

Аңыз адам

№12 2012ж

0 пікір