21 Қазан 2019

МҰХТАР ШАХАНОВ, елші һәм ақын: «РУХАНИ ҚҰЛДЫРАУҒА ҚАРСЫМЫН!...»


06/09/2019 27 0

          «Соңғы жылдары жаныма аяздай батып, тынымсыз толқытып жүрген ой-пікірімнің барлығын көркем-философиялық толғам қалпында «Өркениеттің адасуы» атты эпикалық поэмаға жинақтап айту идеясы Шыңғыс Айтматов халықаралық Ыстықкөл форумында менің қоғамның рухани-имани ұстындарының құлауы туралы өлеңмен баяндама жасауымды өтінген кезде туып еді. Себебі, әлмисақтан бері рухтың, әдептің, дәстүр мен ғұрыптың  киесінен аттап көрмеген ортаазиялық мемлекеттердің өздері де әлемді жайлап, әлекедей жаланып бара жатқан батыстың тобырлық мәдениетінің әсеріне беріле бастаған-ды. Менің ойымша, мұның себебін аталмыш мемлекеттердің жұртшылығының мұндай бүлдіргі ылықтырушылыққа өздерінің имани  принциптерін қарсы қоя алмағандығынан  ғана емес, осы бір буынқұрттай бұзғыш идеялардың қайырсыздығын  дер кезінде ұға алмауынан іздеу керек. Белгілі мемлекет басшылары Н.Назарбаев, И.Каримов. А.Ақаев мұндай имани қыспаққа қарсы тұруға әрқалай тырысып жатқанымен, рухани құлдырау қисыны өз шарттарын телуін, барған сайын, ақыл-есті меңгеруді күшейтуін, әсіресе, жастар арасында еркін жайылуын қояр емес. Бұған дер кезінде осы дертпен күресудің дәлелді идеяларын ұсына алмаған, өз сөзінде тұрып, өз қимылына берік бола алмаға, жүйелілік пен қайыспастық көрсете алмаған біз, шығармашыл зиялылар де кінәліміз деп есептеймін...».

«Заблуждение цивилизации»

Поэмасының( орыс тілінде!)алғыс сөзінен

Қазақ әдебиеті

22 қаңтар 1999 жыл

0 пікір