21 Қазан 2019

ШАХАНОВҚА ШАБУЫЛ БАСТАЛДЫ


03/09/2019 25 0

Кедендік Одақ дегеннің Кеңес үкіметін қалпына келтірудің жаңа жобасы екенін жетінші түйсігімен түсініп, азаматтықтың сөзін айтқан ардақты ақынымыз Мұхтар ШАХАНОВты Мәскеудегілер «халық жауы» деп жариялап жіберді. Шекаралық қауымдастық деген біздер бұрын-соңды естіп көрмеген ұйымның стратегиялық жоспарлау қызметінің басшысы Александр СОБЯНИН деген біреудің аузымен ақтангеріміз туралы ауа жайылған әңгіме айтты. «Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫ аяқтан шалып, Қазақстанды мекендеген халықтар арасына іріткі салып жатыр» деп айыптады. Собянинннің сандырағына сенер болсақ, Шаханов «аяқтан шалып», кедергі жасамаса Назарбаев тәуелсіз елді қайтадан бодандыққа апаруға оларға уәде берген бе?! Мен білсем, мұндай әңгіменің ақыры, кем дегенде, Ресейдің елшісін Сыртқы істер министрлігіне шақырумен тынса керек еді. Биліктің тарапынан  ондай қимыл байқалмайды. Соған қарағанда, ел не дер екен, Шахановты қорғай ма, жоқ, ол талауға жақсы болатындай жалғыз қала ма, деп күтіп отырған сияқты. Оян, ҚАЗАҚ! Қазір мінез көрсетпесең, Могиканның соңғы тұяғындай болған Мұхтарыңды қазір қорғамасаң кеш қаласың! Мұнан кейін мұндай мәселені көтеретін Ұл туғанша өзіңде бір жайлы боласың! Дей келіп, «Ұлы бабалар насихаты» деген тақырыппен ертеден келе жатқан бір-ер шумақты келтірейін, мүмкін көкірек көзің ашылар!

Дербісалдыұлы Қанай Датқаның (1658-1738) Нарбұқа жырауға (1662-1743) айтқаны:

Арызым жоқ Құдайға,

Қарызым жоқ Құдайға!

Өкінішім біреу-ақ:

«Өткен бабалар кімдер?»-деп,

Өткелімнің тұсына кеп,

Келер ұрпақ сұрай ма?!

Ай Нарбұха, бәрін ұмытсаңда,

Мынаны ұмытпа!!!

«Орыс қоңсылыққа бар,

Бірақ қолын созбасын!».

Алты Алашқа өсиетім:

«Күнін салмасын Қытайға»- деп Нарбұқа жыраумен бақұлдасып, «Хош- хайыр Атажұрт Арқа! Ризамын!»-деп қоштасқан екен.

***

Сырым Датұлы Ресей елінің әскер басшысы  және Қазақ Еліне жазалаушы ретінде танылған «Палаушысын» (полковник) ұстап алып былай депті:

- Әйтеке Би өтті дүниеден,

Сөйлесе, алдына бір жан салмаған!

Қаз дауысты Қазыбекте өтті дүниеден,

Сөйлесе даудың басын тең қозғаған!

Әділдігіне бас имеген жан болмаған!

Төле Би төрелігін, төмен айтпас,

Тауып сөйлер, шешілмейтін дау қалмаған!

Жасболұлы Шалқы:

Би «Бидің Пірі»,

Бекеті, Бастоғашы!

Ол тұрғанда ешкімде олжа алмаған!

-Ей, ақ патшаның шоқынды, шолақ бауы!

Ел қалмады-ау атыңа қарғанбаған!

Сен кімсің туған жерімде талтаңдаған?

Жаның тәтті-ә, жапалақтай тыпырлайсың!

Басыңды қағып алайын шошаңдаған!- деп, жазалаушы, жаулаушы отрядтың басшысының басын қылышымен шауып түсіреді...

Қазақстан газеті

1 сәуір, 2010жыл

0 пікір