22 Қыркүйек 2019

Мұхаңа хат


28/07/2019 90 0

Мұха, соңғы күндерде сізге айтылған жосықсыз сөздерден түрлі түсініктердің, сан түрлі сананың деңгейі байқалады. Халқыңыз сізбен бірге. Бір күні пенделіктің батпағына шым батып кеткендерден басқа, ағат түсінген аз ғана ағайын ат басын тартар. Көңіліңіз ауырмасын!
1. Таулардың талқаны шыққаны төбешіктерге ғана қуаныш болар...
2. Кір іздеу- кірлеген сананың ісі емес пе?!
Сіздегі үлкен жүрек бәрін баяғыда сезген. Сезген де жырға айналдырған... Төменде "Жігерлендіру" деген өлеңіңізден үзінді оқып отырмын.
Кім айтты саған:
Жұрттың бәрі мейірбан, арайлы деп,
Жұрттың бәрі шындықты қалайды деп,
Биікті ардақтайды деп,
Асылды қорлатпайды деп...
Тоқырау білмес айбыны
Адалдық деген - әлемнің ұлы байлығы.
Бетіне жиған ұятты
Әйтсе де, кейде ол кінәмшіл бала сияқты.
Тірлікте осы баланы
Өкпелететіндер бар да,
Жұбататындар бар.
Жек көретіндер бар да,
Ұнататындар бар.
Арын сатып, қорлайтындар бар да,
Жанын сап қорғайтындар бар.
Мұхтар Шаханов
Деніңізге саулық тілеймін!
Мұратхан ШОҚАН

0 пікір