21 Шілде 2019

АМЕРИКАН ҚОРЫНЫҢ КӨМЕГІ


06/07/2019 39 0

Арал, Балқаш және Қазақстан экологиясы проблемалары жөніндегі қоғамдық комитет Қазақстанда дүниеге келген ең алғашқы бейресми ұйым. Азамат ақын М.Шахановтың  бастамасымен  құрылған бұл ұйым өз жұмысын бастаған алғашқы күннен ақ кең демократиялық қозғалыстың көш бастаушысына айналды десек қателесе қоймаспыз.

Жақында ғана қоғамдық комитет президиумында ССРО халық депуиаты Мұхтар Шахановтың төрағалық  етуімен халықаралық «Интернэшнл кооператив сервис» қорының жетекшісі Брайан Гриммен кездесу өтті.

Кездесуде Брайан Грим «Интернэшнл кооператив сервис» қорынан қайырымдылық көмек көрсету  мақсатында Арал, Семей  және жер сілкісінің зардап шеккен Зайсан өңірлерінің балаларына арналып жалпы бағасы 10 миллион доллар  тұратын дәрі- дәрмек  пен азық- түлік өнімдері бөлінгендігін айтты.

Комитет төрағасы М.Шаханов Интернэшнл кооператив сервис» қорының  басшыларына және барлық бауырлас американ халқына қиын кезеңде қол ұшын бергендері үшін зор алғыс айтты. Мұндай байланыстардың халықаралық қатынастардың  көпірі бола беретініне сенім білдірді.

Кездесу соңында ол мистер Брайан Джон Гримге қоғамдық комитеттің құрметті мүшесінің куәлігін тапсырды.

 

Дереккөзі:

Қ.ИСАЕВ

Алматы ақшамы

10қаңтар

1991жыл

0 пікір