15 Қараша 2019

«Арал»  академиясы құрылды


05/07/2019 146 0

Өткен жұмада «Жаллын» журналының редакциясында « Арал- Азия –Қазақстан» халықаралық қоғамдық комитетінің мәслихаты болды. Мәслихат барысында экологиялық апат аймағын зерттеп жәрдем көрсету мәселелерімен  түбегейлі айналысып жүрген танымал ұйымның жаңа құрамы бекітілді. Арал академиясы құрылды.

- Аралдың атын жамылып, өз мүдделері үшін  ғана әрекет етіп жатқан ассоциациялар фирмалар көп. Оларға біздің еш қатысымыз жоқ. Қынжыларлығы, кейбір ағайындар солардың істерінің бәрін бізге әкеліп жабады. Ол әділдік емес.

Комитет Арал қасіретіне әлемнің назарын аудару үшін көп іс тындырды.Ақыры мақсатымызға жеттік. Біздің ісімізді Біріккен Ұлттар Ұйымы қолдады- деді өз сөзінде осы халықаралық қоғамдық комитеттің президенті, ақын Мұхтар Шаханов.

Сөйтіп сәттілік болса, енді «Арал- Азия –Қазақстан» комитеті өз ісін соны серпінмен жалғастырмақ. Осы мақсатта комитет  базасында тек  қана Арал мәселесімен айналысатын Академия құрылды ЖӘНЕ 500 000 сом мөлшеріндегі Арал сыйлығы тағайындалды. Ал құрамы қайта бекітілген қоғамдық комитеттің президенті болып қайтадан М.Шаханов сайланды.

Дереккөзі:

М.ҚЫДЫР

0 пікір