15 Қараша 2019

БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫ АРАЛҒА НАЗАРЫН БҰРДЫ


04/07/2019 145 0

 

«АРАЛ –АЗИЯ-ҚАЗАҚСТАН» КОМИТЕТІНДЕ БОЛҒАН КЕЗДЕСУДЕН

Жүрегі сыздаған Жер- Ананың қасіретіоны мекендеген әрбір адам баласын алаңдауға тиіс. Өйткені, Жер шарының қай бөлігін алсаң да  жаралы- тілім -тілім, су көздері тартылып, жасыл жайлауының көк кілемі тозып кеткен. Арал тағдыры мен Семей полигоны солардың бірі әрі бірегейі десек, мұнымызға ешкім дау айта алмас.

Кеше қаңтардың 8-інде  «Арал- Азия Қазақстан». Қоғамдық комитетінде Біріккн Ұлттар Ұйымының өкілімен болған кездесуде Арал қасіреті тағы да қозғалды. Бұл бас қосуға Біріккен Ұлттар Ұйымының қоршаған орта жөніндегі  (ЮНЕП) Бағдарламасының атқарушы директоры Мостафа Толба, ЮНЕП- тің біздің еліміздегі директоры С.Н.Морозов, осы ұйымның регионалдық бөлімшесінің директоры Мартин Уппенберик, Біріккен Ұлттар Ұйымының қоршаған орта жөніндегі ( ЮНЕП) Бағдарламасы директорының орынбасары С.А.Евсеев, Қазақстан Республикасының Министрлер кабинеті Премьер- министрінің орынбасары Б.М.Тұрсынбаев, басқа да жауапты қызметтердің басшылары қатысты.

«Арал-Азия-Қазақстан» комитетінің президенті Мұхтар Шаханов қонақтарды жылы шыраймен құттықтап, өзі басқарып отырған комитеттің атқарып жатқан жұмыстарына қысқаша тоқтала келіп, Арал тағдырына Біріккен Ұлттар Ұйымыныі назар аударғанына ризашылығын білдірді.

Ол сондай- ақ қонақтармен бірге экологиялық апатқа ұшырап отырған Арал теңізінің  жағалауында болып, сол аймақты мекендеген тұрғындардың бүгінгі ауыр тұрмысымен танысқанын айттты. Мостафа Толба «Арал-Азия-Қазақстан» қоғамдық комитетінің құрметті мүшелігіне қабылданып, қазақтың ұлттық шапанын киді.

Қонақ өзіне көрсетілген зор құрметке алғысын айтып, комитеттің мәртебелі миссиясын абыроймен орындап шығатынына сенім білдірді. Ол өз сөзінде Арал проблемасын Біріккен Ұлттар Ұйымының қоршаған орта жөніндегі Бағдарламасының аясына енгізіп, оған жан- жақты қолдау көмек берілуіне үлесін қосатынын айтты.

- Бұдан былайғы жерде өзімнің қармағымдағы қызметкерлердің «Арал-Азия-Қазақстан» комитетінің мүшелерімен тығыз қарым- қатынас орнатуына күш саламын,- деді Мостафа Толба мырза.

Бұдан кейінгі комитеттің мүшелері мен Мостафа Толба бастаған меймандардың арасында іскерлік пікір алмасу болып, алдағы уақытта бірлесіп атқарылар өзекті мәселлелер жан- жақты тақыланды.

Бұл күні меймандарды Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев қабылдады. Түстен кейін қонақтар тәуелсіз Қазақстан астанасының көрікті жерлерімен танысты. Ал кешкісін Мостафа Толба мырза еліне жүріп кетті.

Дереккөзі:

Е.ЕРӘЛИЕВ

Алматы ақшамы

9 қаңтар 1992жыл

0 пікір