21 Шілде 2019

МҰХТАР ШАХАНОВ: АРАЛ ТАҒДЫРЫ - АДАМ ТАҒДЫРЫ

03/07/2019 34 0

Теңіз жатыр дөңбекшіп төсегінде.....

«Арал кездесуінен кейінгі ойлар»

Бұдан асқан қайғы жоқ сұрамаңыз

Созыларын кім білген неше күнге.

Сар далаға нәр берген ұлы анамыз-

Арал жатыр дөңбекшіп төсегінде.

Арал жатыр көңліне мұң кептеліп

Тұз көрпесі ауырлап өр төсінде.

Безбүйрек ұл секілді сұр беттеніп

Жиырмасыншы ғасыр тұр желкесінде...

Қазір Арал туралы әңгіме қозғағанда құлағы елең етпейтін адамды табу қиын. Бірақ қалың көпшіліктің пікірі мынандай ойдың төңірегінде жинақталды: Арал жөнінде сан айқай салынды. Енді сөзден іске көшу керек.

- Баспасөзде бұрын хабарлағандай Арал қаласында 6-7 июнь күндері «Арал кездесуі» өтті. Орта Азия республикалары мен Қазақстаннан, Москвадан, Украинадан Арал проблемасына тікелей қатысы бар ғалымдар, су мамандары, әдебиет пен өнер қайраткерлері, партия, совет, комсомол, баспасөз, телевизия, радио  қызметкерлері шақырылды. Бірінші  күні қонақтар арнаулы самолетпен Бөген, Қаратерең  поселкелеріне  ұшып барып, жергілікті тұрғындармен әңгімелесті, олардың жай-күйімен танысты. Үлкен бір топ «Барса келмес» аралына барып қайтты. Сол күні кешкілік аудан  жұртшылығымен кездесу жоспарланған болатын. Жиналған жұртта есеп жоқ. Аудандық  мәдениет үйінің  үлкен залында  тіпті тұрар орын қалмаған. Әңгімеге халықты түгел қатыстыру мақсатымен сыртқа бірнеше жерден радио қойылды. Аудандық радиоторабы кездесуден тікелей трансляция жасады.

Келесі күні «Дөңгелек стол» өткіздік. Оны Қазақ ССР Телевизия және радио жөніндегі  мемлекеттік комитеттің председателі, белгілі журналист Ғаділбек Шалахметов жүргізді.

Ашығын айтайық. Асығыс түрде  «Арал кездесуіне» шақыруымызға не себеп болды?

Одақтық деңгейде Арал теңізі туралы мемлекеттік  қаулы дайындалып жатқан. Неге екені белгісіз осы маңызды мәселені  әзірлеуге қатысқан  кейбір жолдастар  түрлі сылтау айтып қаулының жобасын комитет мүшелеріне  көрсетпеуге тырысты.

Өзбекстанда да дәл осындай жағдай қайталанды.

Сан жылғы бюрократтық стиль санаға әбден  сіңіп қалғандықтан ба  ескі таптаурын  жолдан шыққысы келмейтін басшылар әлі де аз емес сияқты. Қазір мемлекеттік, бүкілхалықтық  маңызы бар қаулылар  ел талқысына салынып жатыр. Қайта құру кезеңінің басты  жемісінің бірі осы. Халықтан ещтеңе жасырмау керек. Ал, Арал тағдырын  ел тағдырынан жеке алып қарауға мүлде болмайды. Рас, қаулы ғалымдардың әртүрлі мамандардың, партия, совет қайраткерлерінің творчестволық  ізденісіне нақты талап талғамына негізделеді ғой. Кез келген қарапайым адамның оған тісі батпауы да мүмкін. (Осылай ақталуға әбден болады). Онда ғалымдар мен мамандар арасында неге талқыламасқа? Және  осы проблеманы жанын салып зерттеп жүрген адамдар бізде аз емес қой? Дайындалып жатқан қаулыны халық  талқысына салу керектігін айтып, қоғамдық комитет атынан СССР Министрлер Советінің Председателі Н.И.Рыжков  жолдасқа теллеграмма жібердік. Көп ұзамай үкімет басшысының қабылдау бөлмесінен комитетке телефон соғылып, нақты ұсыныс беруімізді өтінді. Бұл да жариялылық әкелген сый.

Ал, Арал теңізіне тікелей қатысы бар республикалардың басын қосып, ортақ  мәмлеге келмейінше қандай ұсыныс болуы мүмкін? «Арал кездесуін» асығыс шақырмауымыздың мәні осында еді.

Қазір қанша жылап, байбалам салғанымызбен  бадырайып көрініп тұрған бір шындықты айналып өте алмаймыз. Ол – кеткен Аралдың орнын қайта толтырудың қиындығы. Өйткені Арал бүгінге дейін 800 текше километр суын жоғалтты. Егер қолдан жасаған Қапшағайда қазір орта есеппен 15 текше километр су бар деп есептесек сонда Арал 53 Қапшағай теңізінен айрылған болып шығады. Бұған жыл сайын Аралдан 30-35 текше километр судың буланып, ұшып жатқанын қосыңыз.

Осыдан біраз уақыт бұрын біз бір топ комитет мүшелері Қарақалпақстандағы  апат ошағының бірінен саналып отырған Мойнақта Әмударияның Аралмен түйісер сағасында болдық. Қазірдің өзінде 50 текше  киломертден астам  су жинақтаған өлі теңіз  Сарықамысты самолетпен шолып өттік. Ескі Хиуа  жерінде (Хорезм облысы) Түйемойын су электр станциясында жергілікті халықпен, су мамандарымен, ғалымдармен кездестік. Одан әрі Түркменстанға өтіп, Ташауз каналының  жай- күйімен  таныстық. Бұл каналдың бірінші кезеңінің өзі 160 киломертге созылмақ Аралға онсызда су жеткізу қиын түсіп жатқанда Әмудариядан тағы да 5-6 текше километр  суды осы канал жырып әкетпек. Бұл мүлдем ақылға сыймайтын іс емес пе?

Ғалымдар мен мамандар Ташаузды коллекторға айналдырып, ысырапқа түскен су көздерін осы канал арқылы Аралға бұру мәселесін бірауыздан мақұлдады. Атышулы Қарақұм каналында  қаншама су құрдымға сіңіп, ондаған мың гектар жер батпақққа айналып жатыр. Түркмен ағайындармен бұл проблема төңірегінде тізе қосып ақылдасар кез әлдеқашан жетті. Бірақ олар Өзбекстандағы жиынға да «Арал кездесуіне» де келмей қалды.

Түптеп келгенде бір мәселе айқын. Қайтсек те Аралға жыл сайын 29-30 текше киллометр су табу. (Жасыратыны жоқ, кейбір мамандар мұны арман көреді). Сөйтіп Аралды 1990 жылдың деңгейінде ұстап тұру. «Арал кездесуіне» қатысушылар осы талапқа бір ауыздан қол қойды. 20 текше километрді ысырап болып жатқан су көздерін реттеу арқылы табатынымыз айқын. Ал 9-10 текше километрді арттырып   алудың жолы- мақталық пен күріштікті қысқарту  және су шығынын мейлінше азайту.

Өзге амал жоқ.

Мәселе мақталықты азайтуға келгенде тұйыққа тірелеміз. Рас, мемлекетке мақта өте қажет. Мұны бәріміз жақсы түсінеміз. Өз Отанының игілігін ойламайтын жан - азамат емес. Ашығын айтсақ, осы арада басқа бір пробллеманың құлағы қылтияды. Мен мына фактілерді  одақтық беделді газеттердің бетінен теріп алдым.

1987 жылы Совет Одағында 8 миллион 100 мың тонна мақта жиналды. (Экономическая  газета №5, 1988жыл). Ал Қытай Халық Республикасы 4 мың 490 мың тонна («Аргументы и факты»№ 16), АҚШ 4 миллион 300 мың тонна  мақта өндірілді. Осы мақтамен Қытай 1 миллиардтан астам халқын киіндіреді және артығын бізге сатады. Жиналған жылдық  мақтаны жан басына шаққанда Қытайда 4 килограмнан келеді екен.

Мақтаның едәуір бөлегі әскери қорғанысқа кететіні ешкімге құпия сыр емес. Күні бүгінге дейін әскери  өнеркәсіп сыннан тысқары қалып келді. Бұл туралы «Красная звезда» газеті талай рет жазды да. Тоқырау кезеңі әскери кадрларға, олардың ойлау жүйесіне, қызметіне елеулі із қалдырды. Сондықтан қайта құру кезеңінің  талабына сай  әскери өнеркәсіп комплексі  халық алдында есеп беріп отыруы керек. Әйтпесе сан мың тонна мақтаның  біз білмейтін қалтарыстарда ысырапқа ұшырап, шіріп жатпағанына кім кепілдік ете алады?

Келесі бір кезек күттірмейтін мәселе- Арал халқының денсаулық жағдайы. (Бұған дейінде сан рет айттық).

Бөген поселкесіндегі  ауруханада болдық. Емделіп жатқан аналармен, балалармен әңгімелестік. Күні бүгінге дейін ( жаз ортасы жақындап қалса да) көкөністі ауызға алып көрмепті. Оны айтасыз екі күннің бірінде  ұйытқыған тұз дауылынан  ішер судың талапқа сай болмауынан  түрлі ауруға шалдығып, қалт құлт етіп әрең жүрген аурулар  ең бергісі  тамақаен жөнді  қамтамасыз етілмеген.

Осы республикамыздың деңгейінде  ғана шешілетін мәселе  емес пе? Арал теңізі маңындағы елді мекендерді аралап жүріп нақ бір өткен ғасырға еніп кеткендей әсер аласың. Совет өкіметінің құрылғанына 70жылдан астам уақыт өткен жоқ па? Қаншама тағдырды жел өтіне тастап бейжай отыра береміз бе? «Арал кездесуіне» қатысқандардың бәрін дерлік осы ой мазалайды.

«Кездесуге» жүрер алдында мен Алматы қалалық партия комитетінің  бірінші секретары В.И.Романов  халық депутаттары Алматы қалалықт Советі атқару комитетінің председателі З.К.Нұрқаділов жолдастарға жолығып әңгімелестім. Екеуі де Аралға қол ұшын беру игілікті іс қана емес, ортақ борыш екендігін қуаттады. Сөйтіп, «Арал кездесуіне» Жібек Әмірханованы ( қалалық атқару комитетінің председателінің орынбасары)  бастаған делегация жіберді. Биылғы жазда Арал ауданының 200 жас бүлдіршіндері  Алматы қаласының  пионер лагерінде  демалатын болады.

Осы жақсы бастаманы республикамыздың барлық облыстары мен  аудандары іліп әкетсе нұр үстіне нұр. Бір облыс балалар бақшасын, бір облыс мектеп салып берсе, бір аудан  жеміс- жидек немесе дәрі- дәрмек  жіберсе мұндағы жұрт қазіргідей өгейлікке ұшырамас еді.

СССР Мемллекеттік баспасының (жилсоцбанка) Алматы бөлімшесінде Арал иен Балқашты қорғау  қорының № 1700979 есебі ашылғалы да 8 айға тарта уақыт өтті. Міне, осы есепке түскен ақшаның бүгінгі жалпы сомасы 67 мыңға таяды. Әйтеуір бір бұлтарыссыз ақиқат – Арал  мен Балқаш трагедиясы  республика  одан қалды Орта Азия шеңберінен шығып бүкіл Отандық мәселеге айналды. Осы күнде интернационалдық тәрбие жөніндегі сөзден де кенде емеспіз. Мерзімді баспасөз беттерінде де, түрлі беделді жиындар  мен теориялық конференцияларда да ұлтаралық  қатынастар өзек етіп алынып, осынау күрделі мәселенің қилы қилы жағдайлары әңгіме болуда. Ал егер мәселеге нақты тұрғыдан келсек- Арал мен Балқашта қазір интернационалдық тәрбиенің көкесіне айналуы тиісті шара. Туысқан Өзбекстанда  ашылған есепке жиналған соманың жалпы көрсеткіші 1 сомға жақындады. Салыстырыңызшы: 67мың және 1 миллион! Табиғатанаға төнген зауалға бола  бәсекелестікті қыздыру үшін айтылып отырған жоқ бұл сөз. Өзбекстанда өткен бір кездесуде: «Қазақстандықтар қанша қаржы жинады?»- деген сұрақтар жалтарып кетуге мәжбүр болдым... Менімше, Арал мен Балқаш республикада тұратын барша халықтардың интернационалдық  ой- сезіміне, азаматтық жауапкершілігіне, ар- ожданына  айрықша сын. Парыздарын терең сезініп, осынау шараны бүкілхалықтық  іс деп қараған еңбек коллективтері,  жекелеген азаматтар республикамызда баршылық.

«Тас түскен жеріне ауыр». Аралдың қазіргі ахуалына қатты алаңдап отырған Қызылорда облысының жұртшылығы  тайлы- тұяғы  қалмай, ашылған есепке үздіксіз қаржы аударып жатыр. Лаулаған өртке қанатымен су сепкен қарлығаштың әрекетін еске салып өтеді бұл. Мәселен, Қазалы автотранспорт кәсіпорны 1000 сом, «Аралрыбпром» өндірістік бірлестігі 2088 сом аударса, мұндағы ұсақ ұйымдар мен мекемелер де қызу үн қосыпты. Қазақтың Абай атындағы педагогика, Қазақ мемлекеттік  дене тәрбиесі  институттарының  студенттері, Сайрам, Түлкібас  ауданының комсомол комитеттері және жүздеген жеке адамдар белсенділік танытты.

Үстіміздегі жылдың 26 июнь  күні республика комсомолы  сенбілік өткізіп, одан түскен қаржының 25 процентін Арал мен Балқаш қорына аударды. Бұл орайда Ш.Айтматов, А.Вознесенский, Е.Евтушенко, О,Сүлейменов секілді қаламгерлермен қатар Қазақ ССР-інің  халық жазушылары Хамит Ерғалиев пен Әлжапар Әбішев ( әрқайсысы 300 сомнан), ал белгілі  прозаик Әкім Тарази  «Простор» журналындағы бір повесінің қаламақысын түгелдей, сондай- ақ С.Мәуленов, Р.Отарбаев, Е.Раушанов, С.Балғабаев, Т.Бейсембеков, С.Асылбеков, С.Ақатаев, М.Қозыбаев, тағы  басқа қаламгерлер ( бәрінің  атын- жөнін атап шыға алмағаныма кешірім сұраймын) «Қазақ әдебиеті», Соцалистік Қазақстан», «Лениншіл жас», «Ленинская смена», «Қазақстан пионері» газеттері мен  «Жалын» журналында туындыларының қаламақысын осы бүкілхалықтық игілікті шаруаға қосты.

Бұл істің бүкіл өлшемін тек ақшаға ғана теліп қойсақ, онда сөзсіз қателесеміз. Тоқырау кезеңіндегі сүйекке сіңді ескі мінездермен ұшырасқан сайын бюрократизмнің өле қоймайтын итжандылығы таң қалмасқа  шарамыз жоқ. «Бұл азғантай ақша Арал мен Балқашқа су болып не жарытар дейсің, қит етсет  қор ашу керек деген етек алып барады» тәрізді айыптауларды жиі естуге тура келеді. Арал мен Балқашты қорғау қоры ашылғалы 8 айдың  беделінде әртүрлі жинақ кассаларына, почталарға бара қалсаңыз Ленин атындағы БАЛАЛАР. Бейбітшілік Мәдениет қорының Грузиядағы қар көшкініне, Тәжікстандағы су тасқыны имен Грузиядағы  қар көшкінінен болған  зардаптарға көмек ретінде  ашылған қорларға еш қарсылығымыз жоқ. Дегенмен, бұл орнына келетін шаруа. Ал Аралдың жағдайы  ұлттық трагедияға дейін өршіп отырған жоқ па? Соған қарамастан жаны ауырмас немқұрайлылықты  қалай түсінсек екен?

Кейбір почталар мен жинақ кассаларының қызметкерлері бұл қордың ашылғанынан мүлде бейхабар. Комитетке осы тақырыпта бірнеше шағым түсті.

Ендеше, бұл сұрақтың жауабын Қазақ  ССР Байланыс министрі И.В.Ульянов, ССР Жинақ банкісі Қазақ республикалық басқармасының бастығы Аманбай Жұматаев жолдастардан күтеміз.

«Арал кездесуіне» қатысушылар КПСС Орталық Комитетінің  Саяси Бюросына ХIХ партия конференциясына  үндеу- хат жолдады. Онда Араллды қазіргі тұйықтан  алып шығу  проблемасы, яғни сөзден іске көшу туралы бірнеше нақты- нақты ұсыныс жасалды.

Қысқасы, сең бұзылды. Көп жылдан бері өткел бермей келе жатқан бюрократтық өзенінің түбі көрініп қалды. Арал тағдыры бүкілхалықтық қолдауға ие болып, ең үлкен деңгейде сөз бола бастады.

Дегенмен, күрес әлі алда.

Дереккөзі:

 «Қазақ әдебиеті» газеті.

8июль,1988жыл.

0 пікір