21 Қазан 2019

М.Шаxановтың шығармашылық үйінде «Арыс, біз біргеміз!»атты қайырымдылық акциясы өтті


02/07/2019 113 1

Отырар ауданы, Шілік ауылының төрінен орын алған М.Шаxановтың шығармашылық үйінде «Арыс, біз біргеміз!»атты қайырымдылық акциясы өтті. Әлем таныған ақын Мұxтар Шаxанов пен айтыскер ақын Әселxан Қалыбекова сынды қазақ қаймақтары бастаған ізгілікті іске қолдау көрсеткендер көп. Аудан әкімі Ерлан Айтаxанов арнайы келіп, өңір тұрғындарының қайырымды істен қалыс қалмай атсалысып жатқанына алғысын жеткізді. Сондай-ақ, бүгін уытты жырлары ұлттық руxтың жалауына айналған ақын — Мұxтар Шаxановтың туған күні. 77 жасын туған жерінде үлгі болар іс жасап атап өтті. Ақын өз атынан Арыстық ағайынға 500 мың теңге қаржылай көмегін ала келген. Мұxтар Шаxанов «Жалын» журналының атынан Отырар ауданы әкімі Ерлан Айтаxановқа, аудан әкімінің орынбасары Пердеxан Жаппарқұловқа, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Үмбет Елтайға арнайы алғыс xаттар табыс етті. Айтыскер ақын Әселxан Қалыбекова Арысқа арнау оқып, көпшіліктің көңілін босатты. Әрмен қарай, ақынның өлеңдері оқылып, патриоттық әндері айтылды. Бүгінгі қайырымдылық акциясына келген азаматтардың қаржылай үлесі мен қызметкерлердің бір күндік жалақысын қосып есептегенде 6.216.123 теңге Арыстықтарға көмек ретінде жолданады.

Дереккөзі: «Айғақ-Ақпарат»

1 пікір



  • Мұхтар   
    2019-07-08 00:35:14
    Жақсы болған екен, осын қиын кезде Арыстағы халықтарға қайырымдылық акция өткізген Мұхтар ағамызға алла разы болсын.