20 Тамыз 2019

Мұхтар Шаханов: ЖАЙЫҚПЕН ЖҮЗДЕСКЕНДЕ  


01/06/2019 91 0

Сәлем, ұлы Жайығым!

Толқыныңа кім салмады қайығын.

Кім шертпеді саған келіп шаттығын,

Кім жумады саған келіп айыбын.

Ғұмырыңда қозғалыстан танбадың,

Заманалар қанатында самғадың,

Ғасырлар мен ғасырарды жалғадың,

Айтшы маған, бар ма сенің арманың?

Қуат- күші сендегі ұлы дарынның

Орталанса қайтер еді Нарынқұм?

Жадыратып сен ашпасаң қабағын,

Халі қалай болар еді даланың?

Сен айнысаң мінезіңнен дағдылы

Қалай болмақ қарт Каспийдің тағдыры?

Жұрт көп еді атақ- даңқтан үмітті

Оның көбін қатал тарих ұмытты.

Туған Отан мәңгі ұмытсын мені де

Сендей өзен бола алмасам еліме!

Мұхтар Шаханов

0 пікір