20 Тамыз 2019

Фридрих ХИТЦЕР: ЖАЗАГЕР ЖАДЫ КОСМОФОРМУЛАСЫ Шыңғысханның пенделік құпиясы


18/05/2019 180 0

Біздің әлеміміз таңғаларлықтай күрделі әрі жиі өзгеріп тұрады. Үнемі ірілі-ұсақты тірліктермен әбігерленіп, басымыз қатып жүргенде, қуатты ғылыми-техникалық даму қоғамдық ағзаның биоритмін жеделдетіп, ілгері алып кетіп отырды. Сондықтан да көпшілік және жекелеген адамдар шексіз еліктірулердің иірімінен шыға алмай, барған сайын оған көбірек әрі тереңірек ене береді. Шаханов та ақын ретінде, сондай-ақ, пәлсапашы ретінде де адамдардың осындай еліктірулерге бейімдігі оның сарқылмайтын игілігі сияқты, шексіз екендігін дәлелдей отырып, бізді тағы да таңқалдырып отыр.

Көрнекті қазақ ақыны Мұхтар Шахановтың поэма түрынде жазылған жаңа "Жазагер жады космоформуласы" (Шыңғысханның пенделік құпиясы) романы оның әлемдік жаңа поэзияның жетістігі ретінде ЮНЕСКО-да жоғары бағаланған және көп елдерде үлкен қолдау тауып, өзімде де уақытында "Еуропа үшін ашық күнде найзағай шатырлағандай болды" деп көрсеткен "Өркениеттің адасуы" поэмасы сияқты көп қырлылығымен ерекшеленеді.

"Жазагер жады космаформуласы" романында тұрмыстың басқа да жайларымен күрделі өрілген қазіргі заманның ең маңызда проблемаларының бірі - мыңжылдықтар тоғысуындағы рухани жан-дүние проблемасы көтерілді. Оқырманын жазагер жадтың мәнісі туралы ойлануғы итермелейді. Бұл полифониялық шығарма, менің ойымша, ақынның жеке өзінің және ұлтының ғана емес, сонымен қатар, бүкіл ортаазиялық пәлсапалық көркем ойдың сөзсіз табысы. Отырардан шыққан ақын Мұхтар Шаханов Ұлы даланың жарсышы ретінде Еуропаның жаймашуақ тіршілігіне адам тұрмысының түкпір-түкпіріне сынамалап өніп жатқан индустрияльды-медиальдық конгломераттардың тегеурінде күші зор бетінен әртүрлі тіршілік иелері көптеп құрып жатыр. Табиғат үнін өзіміз ойлап тапқан неше бір шумен басып тастадық. Адам жасап шығарған манипуляторлық және көңіл көтеретін техника түрлері есту-қабылдау қабілетін әбден құрығанша тұншықтырып, көзді соқыр болғанша тітіркендіріп, сананы есімізден айырылғанша дейін улап жатыр. Неге біз өндірістік кереметтер мен экономикалық жабайылықтың коллапсында астан-кестең өзгерістерді бастан кешуіміз керек? Біз адамдардың қатігездігіне, жоғары мәдениет пен абыройдың жоғалғанына өкінеміз. Қу медиен далада адасып, жабайы аңдардың жемтігіне айналу қаупі төнген жолаушыдай, өркениеттің қақ ортасында, айнала қоршаған адамдардың ішінде жүріп, өміріміздің қауіпсіздігіне сене алмаймыз. Конгломераттардың жасап шығаратын механизмдердің дөңгелегі — адамдар көбірек болған жерде, азық-түлік өндіруден адам жан-дүниесін дамытуға арналған басқа да нәрселердің өндірісіне дейін, олардың мінез-құлқындағы айырмашылықтар да көрер көзге азая береді. Қатігездік бәсекелестіктің өлшемі мен тіршілік қылудың тәсілі болып алды. Нью-Йорктан Лондон мен Парижге дейін, Берлиннен Римге дейін, Сан-Францискодан Шанхайға, Мәскеуден Бакуге, Каирдан Калькуттаға, Бангкоктан Тәшкенге. Риодан Мехикога, Сингапурдан Алматыға дейін — қайда көз салсаң да, руханияттың өрісі барған сайын тарылып барады. Неліктен ол жақта популяция дамып , неліктен бұл жақта тоқырау мен өсімнің төмендеуін бастан кешіп жатқанын, неліктен қайыршылану етек жайғанын кім білер екен?..

Тянь-Шань мен Гиндукуш, Памир мен Гималайдың таулы қыраттарының бөктерінде орналасқан Ұлы Даладан келіп жеткен әлем жаңғырығы, сондай-ақ, барлық тіршілік атаулының ғарыш туралы терең пайымдауларын сақтай білген адамдар жөнінде әңгіме етеді. Бұл пайымдауларда кезеңдер мен құрлықтар, жоғары мәдениет, Ұлы жібек жолындағыдай, шынайы түрде біріге, әлі адамдар мен халықтар экономиканың кодталған роботтарына айналғанын білдіретін, әбден мезі қылған "глобализация" жөнінде таласып жатырмыз.

Поэма түрінде жазылған"Жазагер жады космоформуласы" (Шыңғысханның пенделік құпиясы) романында М.Шаханов "Өркениеттің адасуы" еңбегінде айтылғандардан да әрірек кетеді. Оның бұл шығармасы екі мыңжылдықтағы кезеңдерді — көне Рим империясы заманының жалпы көрінісінен бастап, қазіргі уақыттағы дінді тұтыну мен сан түрлі жынойнақтарға дейінгінің бәрін қамтиды. Антикалық империялар құлағаннан кейін Шыңғысхан ордасы Орта алқаптарымен Еуропаға қарай, мұхиттан— мұхитқа асып жөңкіле жосылды.

Драманың көңіл аударатын тұсы — хандардың ханының Шахановтық бейнесінде, өмір айналысының генетикалық кодтың анықтауда жатыр. Мұндай қиял көрінісі адамдардың мән-маңызының емес, олардың ақыл-ойы, білімі мен техникалық дағдыларының өзгергенін мойындауға мүмкіндік береді.

Жалпы адамзат тираны бейнесін жасау арманын Шаханов өзінің шығармашылығының басынан бастап-ақ жүзеге асырып келеді. Осыдан көп жылдар бұрын "кезекті бір" әлем жаулаушының жеңілісін суреттеген өлең де жазғанын білеміз. Одан кейін де ол өз ұстанымын жоғалтқан емес. Арада сегіз жүз жылдай уақыт өтсе де адамдар Отырар туралы қасіретті, бүтін бір халықты түбірімен құртып жібермек болған әрекетті естен шығарған емес. Мұхтардың әкесі — Шахан өзінің ата-бабаларының ауыздан-ауызға жалғап, бүгінге жеткізген тарихи әңгімесін — Ұлы Отырар туралы, оның мәдениетін Шыңғысхан ордасы қалай құртқаны жөніндегі аңыз-әңгімелерді баласына айтудан жалықпаған. "Түсіне қояр ма екен? Әлі кішкентай ғой" , — деп әлсіз қарсылығын білдіреді екен анасы. "Түсінуге тиіс,— депті әкесі, — әйтпесе өзіне жаман болады. Тамырын ертерек тереңге жаймаған ағаштың ғұмыры қысқа болар..."

2001 жылы Германияда жазагер жадының космостық формуласы туралы әңгімемен аттас, осы формулаға негізделген "Естен шығаруға қарсылық— Демократия үшін" (Эрнст Пипер, М.Шаханов кітабының неміс тіліндегі баспагері, осы одақтың жақтаушыларның бірі) деп аталатын қоғам құрылды. Бұл формуланың авторынан біз романдарға негіз боларлық таусылмайтын материалдар таптық. Ақын осындай әдеби қалыптың болашағы жайында үміттенеді. "Бүгінгі таңда,— дейді М.Шаханов, — соншама көп романдарды оқуға кімнің генетикалық коды туралы ұмытып, ең өкініштісі, қай кездегідей жалғандық пен биліктің шырмауында, жақсылық пен жауыздықтың, бақыт пен қайғы-қасіреттің ортасында сенделіп, өз тіршілігіне өзі қауіп төндіріп тұрған адам табиғатының мәні туралы ойға кетеді.

Шаханов жаңа поэмасының негізгі эпиграфы етіп, уақыт рухын Неро арқылы көрсетуге тырысқан римдік ақын Новеналдың шығармасынан "Жауыз адам ешқашан бақытты болмайды" деген сөзін алған. Мұхтардың Неросының аты — Теміршың, қанды дәуір туғызған жауыздықтың нағыз үлгісі, Шыңғысхан атанған. Ештеңеге таңқалмайтын Еуропада тирандықтың күні бүгінге дейін жеткен осы бір прототипі Ұлы далалық ақын қаламының күшімен сұлу да ақылды, әрі білімді әйелмен болған соңы жекпе-жекте жеңыліс табатынын күткен? Отырардан шыққан сұлу Ақерке ертегісімен арбап, билеуші-тиранның соңғы адами қасиетін дөп басып, тоқтата білген Шахерезада емес. Рухани-танымдық жекпе-жекте Ақерке сұлу Шыңғысханның "ешкімнен жеңілмейтін" бетпердесін сыпырып алады. Шыңғысханның әлі күнге дейін моласының табылмау себебі де — осы бетперде .

Аталмыш драманың қысқаша мазмұны мынадай:

Әйгілі жолаушының әлі де күллі әлемге қатысты көптеген ниеттері бар болатын, бірақ болжалсыз жазмыштың айдауымен аттан құлап, таңғұттар жерінде бүгіндері "рак" деп аталып жүрген, жазылмас дертке шалдығады. Небір әміршілердің талабы тасқа шағылады. Талай балгерлердің оқыған дұғалары мен салған демдері сәтсіз аяқталып, емдері желге ұшады. Осы кезде Шыңғысханға отырарлық Айбар атты ұлы оқымыстының осы ауруға ем болатын дәрі ойлап шығарғаны хабарланады. Алайда, дәрі құрамының құпиясы Отырар кітапханасының барлық көне қол жазбаларымен бірге жоғалтып кеткен боп шығады, өйткені, барлық осы мәдени қайнар көздердің соңғы билеушісі Қайырхан мәдени мұраларды жаудан аман алып қалу үшін жер қойнауына тығып тастауға әмір еткен екен.

Осыдан кейін Шыңғысханның жарлығымен Отырар халқының барлық еркек кінтіктілері — еңбектеген баладан еңкейген шалдарға дейін өлім жазасына кесіледі. Қанды қырғыннан, ішінде Айбардың әйелі, Қайырханның апасы Ақерке де бар, әйелдер ғана аманқалады. Кітапхананың қайда екенін осы Ақерке ғана біледі. Қолжазбалар құпиясын айтқызу үшін оны қанша қинағанымен, өзін түбі өлтіретін, ымыраға көнбейтін тиранның қолына түскенін жақсы білген Ақерке қанша қинаса да жұмған аузын ашпайды. Ақыры Шыңғысхан дегеніне жету үшін әйелді терезен тең тұтқандай ниет танытып, әңгімеге шақырады. Ақерке бұл зымияндықты түсінеді де, залым ханға өз ойын айтып қалу үшін осы сәтті пайдаланады. Ой-пікір жекпе-жегінде ол өзінің басымдығын көрсетеді. Айықпас дерттің сергелдеңіне түскен, бойын қорқыныш жайлаған тиран Ақеркенің ағасы — Қайырхан келер ұрпақ үшін мұның мойныңда кетер тарихи кекті қайтарудың жолын қамдаатырып кеткенін естігенде азапты ойға түседі: әлі өмірге келмеген, ана құрсағында қалған сәбилер жарық дүниеге келіп, ержетіп, Отырар қасіретін естігеннен кейін, Шыңғысхан моласын іздеп тауып, әрқайсысы үш қара тастан молаға лақтырып отырмақшы. Осылайша жылдан жылға, ғасырдан ғасырға — мола үстінде барлық ұлыс атаулының қарғысы іспеттес үлкен қара тау бой көтергенше осы өсиет жалғаса бермек екен. Шыңғысхан бопбоз боп отырып қалады, барлық тирандар сияқты ырымшыл ол тарихи жады кегінен қатты қорқады. Оның соңғы әмірі де осы қорқыныштан туады: жерлеуді әзірлеп, сонан соң куәларді екі айналым бойынша құрту — бұл дегеніңіз ізді жасыру үшін хан жерленген жермен жүріп өтетін шабандоздары мен басқарушылар бар, он мың жылқылы табын. Осыдан кейін бұлар да өлтіріледі. Сонда ғана ешкім ешқашан Шыңғысханның қабірін таба алмақ емес! Көріп отырғанымыздай, М.Шахановтың романында екеуінің де (Қайырхан мен Шыңғысханның) уақытқа қалдырып кеткен өсиеті көрініс тапқан. Мұхтар Шаханов тирандарды дәріптеуге қарсы және оларды этникалық белгілері мен уақытқа байланысты үзінді түрінде қарастырмайды, ол адам табиғатын даму үстіндегі ғылым мен техниканың " сахна" мен " униформаның" әсерінен өзгере қоймайтын, эволюция процесіндегі тұрақты шама деп қарайды. Оның Шыңғысханы Азияның тарихи және географиялық сахнасынан еуропалықтарға экзотикалық әсер бере қимылдайды. Бірақ бұл, қалай десек те, бүгінгі әлемнің театры және ол бізге сахна сыртында, өзімізде, сондай-ақ айналамызда дамып келе жатқан өзіндік идеяларды еркін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Шаханов көлеңкеде тасаланып, өз шығармашылғында қоғамдық тақырыптарды артқа асырып тастауға жол берген көптеген еуропалық әдебиетшілердің қатарынан саналмайды, ол дала құрбандарын эпоспен жоқтайды және жазагер жадыны оятуға шақырады. М.Шаханов ежелден адамдармен халықтарды өркениеттің жаңа пайда болған және өңі өзгерген шарттарын таңдауға мұқтаждаған жағдайлардың мәнін ашуға , оларға қоршаған орта мен ақиқат болмыста қалай қалыптасуға болатынын көрсетуге ұмтылды. Әрине, ұсынар жолдар көп-ақ, бірақ әңгіме, негізінде, әрқашан еркіндік пен әділеттілік, құлдық пен қанағатсыздық жөнінде әділеттілік, құлдық пен қанағатсыздық жөнінде болады. Ол адамның ерікті таңдау мүмкіндігі хақында терең мәнді халықтық нақылдар мен бейнелерді пайдаланып, шынайы драмалық шиеленісте әгіме еткен ақын ретінде, бұл жағдайларды қайталанбас парасаттылықпен суреттейді.

Ол әлемге таралған жер дүние туралы, тіршілік етудің қатал бәсекесі туралы цинизмдік ой-толғамдарға қанағат етпейді. Кез-келген көзсіз ерлік жеңыске деген сеніммен өмір сүреді. "Кім батыл болса — сол жеңеді", - дейді неміс мақалы. "Ал оны жоғалтқан — сәтсіздікке ұшырады", - деп тағы бір үн даңғырығады. Тіпті түк шықпаған жағдайда, күштілер пәлсапасының айтуынша, сахнаға ешкімнің сұрайынсыз Шыңғысхан шығады: табиғатта әрқашан осылай — теңізде де, барлық өзен — көлдерде де үлкен балықтар ұсақтарын жеп күн көреді. Бірақ кез-келген халық мұндай бағыт ұстанбайды, осы уақытқа дейін әңгіме болған жақсылықтың таңдауына сенеді, егер ол үнсіз қалса, оның атынан ақын сөйлейді.

Мұхтар Шахановтың Ұлы даладан шыққан архитиптері әлемнің кез-келген пұшпағыңдағы — Алматы да, болмаса Берлиндегі — замандасымыздың жан азабы мен қуанышын қамтып көрсетеді. Мекен-жайы, тіпті өмір сүру деңгейі де әртүрлі, бірақ рухани жан-дүниесінің дамуы, Шыңғысханның құмарлық әуестіктері мен оның өнерге деген жеккөрушілігі туралы ойлағанда, өте ұқсас: /"Забавно. /Я никогда не придавал /Значения стихам, /А поэты меня раздражали, /И я всегда их / С усердием казнил"./ Ал әйел атаулыға деген көзқарасын әмірші Ақеркемен болған соң әңгімеле былай деп мойындайды: /"И ещё запомни:/ Мужское преимущество — / Всегда в его СИЛЕ / И в помыслах властововония. / Их потеря — / Твое окончательное поражение / Перед женщиной!"/ Ақерке мен Шыңғысханның бақыт пен махаббат тақырыбындағы диалогын мен өз достарыма, ер адам мен бір әйелге оқып бермегенімде, олар әңгіме өз айналасындағы біреулер туралы айтылып жатыр деп ойлап отырыпты. Осылайша Еуропа үшінші мыңжылдықтың басында Шахановтың Шыңғысханымен "тарихтың мобильді телефоны" арқылы байланысқа шықты.

Шыңғысхан феномені — жауыздық феномені мен таңғажайып тұлға трагедиясы тұрғысынан алғанда, әлі күнге толықтай шешілген жоқ. Шаханов адамның генетикалық құрылысының дәлелдеген және болжалды фактілерін шебер пайдалана отырып, сондай-ақ, этникалық түсініктердің негізінде жауыздықтың жақсылықпен күрестің мәнін ашады, адамзатты жеке тұлғаның тарихтағы рөлін жаңаша ұғынуға итермелейді.

Дегенмен, мынадай сұрақ туады: адами маңыздылықтың мәңгі қозғаушы күші— Жақсылық неліктен Жауыздықтан жиі жеңіліс табады? Неліктен адам адал болған сайын соншалық әлсіз болады? Немесе, керсінше. Тіпті, қолында шексіз билігі бар, жолындағы барлық қалаларды өзіне қаратып , құртып-жойған, жарты әлемді бағындырған Шыңғысханның өзі неліктен қарапайым адамзаттық бақытқа қолы жетпеді?

Жазагер жады туралы өз өсиетінде Қайырхан өзін өлтіретін Шыңғысханның бетіне тайсалмастан былай дейді:

/Люди часто/ По своей природе,/Складу характере/Могут забыть добро / И доблесть отважных./ Но тех, которые / Причинили им / Тяжкое зло, / Глумились над их/ Святыми чувстами, — / Они никогда не забудут , /Передавая сказ/Об их черных деяниях / Из поколения в поколение./ Зло, в конечном счёте, — / Несчастье для самого / Его творца / Готовься к Суду , / К суду страшной / Карающей памяти / Будущих веков.../

Жоғарыда тілге тиек болған, сондай-ақ, айтынлмай да қалған әңгімелерге қосарым, Мұхтардың жазагер жады туралы поэмасында ұғымтал оқырманын күткен тағы бір тамаша бет бар — жадыда аман қалудың, жалпы азаматтың аман-есендігінің құпиясы жатыр.

 

 

Қазақшалаған: Салтанат Қайыржанқызы

Дереккөз:

Ана тілі

Көкектің 26-сы , Жылан жылы, 2001

0 пікір