20 Тамыз 2019

ШАХАНОВТЫҢ ШИРЫҚҚАН ШЫНДЫҒЫ


19/04/2019 227 0

Жуырда Астана қаласының баспасөз орталығында Қазақстанның халық жазушысы, Қырғыз Республикасының халық ақыны Мұхтар Шахановтың соңғы жылдары жазған «Өркениеттің адасуы» атты күрделі туындысына арналған сұхбат болып өтті. Бұл кездесуді Астана қаласы әкімінің орынбасары Т.Мұхамеджанов ашты. Өзегіне жиырмадан астам романның оқиғасын сіңірген, сан мыңдаған ғасырлар бойы адамды адам етіп келген Рухани байлықтың әлемдік өркениеттен шегіне бастауы адам қанындағы қиратқыш, қара күштердің белең алуы, гитлерлік идеяға сабақтас «көпшілік мәдениетінің» жеңісті жортуылдары, Желтоқсан оқиғасының жұртқа белгісіз тұстары және ұлтымыздың рухани проблемалары жайлы философиялық ой қозғаған бұл дастанның бірінші бөлімі ЮНЕСКО-ның Кишеневте өткен форумында баяндама ретінде оқылғаны айтылды. ЮНЕСКО-ның бас директоры, көрнекті ақын Федерико Майор, заңғар жазушысы Шыңғыс Айтматов, немістің философ- ғалымы Фридрих Хицер поэманы әлемдік поэзияға қосылған үлкен үлес деп бағалады. – Поэманы қазақша ойлап, қорытып, орысша жазуға мәжбүр болдым. Әрине, бұл қазақша нұсқасы жоқ деген сөз емес, -деді автор. – Бұлай етуіме бірінші себеп, менің үлкен ақын досым Евгений Евтушенко қазір Америкада тұрады. Мұндай көлемді дүниені аударуға қазір мүмкіндігі де жоқ. Басқаларының аудармалары көңіліме онша қонбайды. Екіншіден, ұлтымыздың биік рухани байлықтары мен оның көкейтесті проблемалары шетел оқырмандарына ертерек жетсе екен деп талпынғаным айып па? Кейбіреулердің «Шаханов қазақшаны қоя салып орысшаға көшіпті» деп мысқылдауы негізсіз сияқты...

Поэма жақын айлардың ішінде орыс, ағылшын, неміс және басқа тілдерде жарық көрмек.

дереккөз: "Қазақ әдебиеті", №39,

 2.10.98 ж.

0 пікір