26 Мамыр 2019

Мұхтар Шахановтың артында халық тұр!


19/04/2019 158 0

«Халық рухы» демократиялық партиясының құрылтай съезі маусым айының 10-жұлдызында Алматыда  Республика сарайында өтеді.

-Республикамызда  материалдық байлық бірінші қатарға шығарылды да, адами құндылықтар кейінге  ысырылды. Ал мұның көлеңкелі жақтары көп. Әрбір адам міндетті  түрде өзінің  тарихына, өз ұлтының тіліне, басқа да рухани құндылықтарын құрметпен қарауы керек. Сондықтан біздің партия, негізінен рухани байлыққа назар аударады. Халқымыздың үлкен бөлігі өз тілінде оқып, жаза алмайтын халге келді. Осы дұрыс па? Міне, біз республикамызда тұрып еңбек ететін  барлық ұлттардың тілі мен байлығына  құрметпен қараймыз. Олрады қолдаймыз, бірақ сонымен қатар өз ұлтымыздың тіліне назар аударуын талап етеміз. Ал мемлекеттік салада қызмет істеп жүрген азаматтар белгілі деңгейде мемлекеттік тілден хабардар болуы қажет. Бізді бәрінен бұрын жер қойнауы байлықтарының талан-таражға түсуі, оның пайдасын, негізінен, шетелдіктердің көруі, жер сату саясатының жаңа қиыншлықтар тудыруы, экологиялық апатты аймақтардың өсе түсуі, шетел миссионерлерінің  арандатуымен мыңдаған қандастарымыздың басқа дінге ауысып кетуі, жүйелі түрде ұлттық идеологияның болмауы, қазақ тілінде балабақшалардың жетіспеуі  келекшек ұрпқты отаншылдық, патриоттық рухта  тәрбиелейтін сындарлы  жастар саясатының болмауы, «көпұлтты мемлекетпіз» деген желеумен көп ғасыр бодандықта  болған қазақ халқы мүддесінің елеусіз  қалдырылуы, оралмандар мәселесінің оң шешім таппауы  алаңдатады. Біз елдегі жүргізіліп жатқан әлеуметтік-саяси экономикалық  реформаларды төңірегіндегі ойлар мен ұсыныстарды алға тартып, оның жүзеге асуына ықпал етеміз. Сонымен қатар партия тіл саласында  Президентіміз Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы-қазақ тілінде  деген пікірін ұстаным ретінде алға тартады,- деді Мұхтар Шаханов өз сөзінде.   

         Партия құрамында әзірге Қазақстанның атақты қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері, атап айтқанда, Кәукен Кенжетаев, Мұзафар Әлімбаев, Бибігүл Төлегенова, Төрегелді Шарманов, Сайлау Батыршаұлы, Дос Көшім, Ескендір Хасанғалиев, Бейбіт Қойшыбай, Көпжасар Нәрібаев, Рымғали Нұрғалиев, Мереке Құлкенов, Асқарбек Құсайынов, Қоғабай Сәрсекеев, Эрнест Төреханов және тағы басқалар бар. Сондай-ақ «Халық рухы» партиясына бірігіп жұмыс істеуге елдегі ондаған қозғалыстар мен үкіметтік емес ұйымдар тілек білдіріп отыр.

         «Халық рухы» партиясының мүшесі, Еуразиялық Ұлттық университеттің  профессоры, экономика ғылымдарының докторы Сайлау Батыршаұлы: «Партияның жарғысы,  бағдарламасы мен тұғырнамасы  дайын... Қазірдің өзінде Алматы, Ақтөбе, Орал, Қарағанды мен басқа қалалардан өзге ұлттардың өкілдері келіп, партияға мүше болуға тілек  білдіріп жатыр», - дейді.

         Ал партияның артында кім тұр?

– Біз ешкімнің алдына барып жүгінген жоқпыз. Ақиқаты – партияның артында ешкім тұрған жоқ. Билікке еш қатысымыз жоқ. Өз бетімізше жұмыс жасап жатырмыз. Партияның артында халық тұрғанына ешкімнің күмәні жоқ. 50 мыңды емес, 100 мыңды қинамай аламыз – деді Мәжіліс депутаты Мұхтар Шаханов.

 

 

 

 

«Халық рухы»

5 (07) 10.06.2007 ж.

0 пікір