20 Тамыз 2019

Шара ҚҰРБАНОВА: Билік берілер емес, Шаханов шаршар емес...


17/04/2019 250 0

Құдай Мұхаңа қуат берсін!

         Қыркүйектің басталысын күткендей, тіл мәселесін көтерген саясаткерлер күрең күзде тағы да ана тіліміздің  осы бүгінге дейінгі  мүшкіл халін сөз етіп, жақында алаңға халықты жинауға келісті.

          Мұхтар Шаханов пен «Алаш» тарихи орталығы бірлесіп өткізген «дөңгелек үстел» жиырма жыл бойы ана тіліміздің өз мәртебесіне ие бола алмай келе жатқаны  бейүкіметтік ұйымдардың баршасына қозғау салды. 1989 жылдың 22 қыркүйегіне қазақ елі өз ана тілінің ұлттық мәртебесін алғаны баршаға аян. Ал, бірақ  таяу арада  20 жылдық мерекесі болатын ана  тіліміз шынында өз мәртебесін алды ма? Кертартпа саясаттың кесірінен жетпіс жылда жоғалуға айналған қазақтың тілі әлі күнге дейін үстінен жаман шоқпытын тастаған жоқ десек өтірік емес. Өйткені, қайнар бұлақтың бастауы лас.  Ал соңғы жақ ағысы мықты болса да әлгі бастаудан келе жатқан лас суға дес берер емес. Бұл не еді?

Билік басындағылардың қазақ тілін екіұшты ғана қолдап келе жатқаны қай заман. Әйтеуір  биліктен, орынтақтан айрылып қалмаудың әрекетімен санаулы шенеуніктер қазақ тілін үйренді. Десек те, қазақ тілін менсінбейтінбейтіндердің, яғни Шаханов ағамыз айтқандай космополиттердің ана тілімізге  деген қырсыздығы аяқтан шалып бағуда.

-Қазақтың жауы өз ішімізден шығып отыр. Өз тілін менсінбеуші космополиттер тұрғанда біз қазақ тілін қалайша  аяқтан тік тұрғызамыз. Космополиттер екіге бөлінеді. Біріншісі – биліктегі кертарпалар, екіншісі – басынан бақайшағына дейін орыстанған қазақтар. Біз қазақтар Ата заңда белгіленгендей «қазақпыз».  Тағы да екі жылдан соң «қазақпыз!» деп айтсақ жауапқа тартылатын боламыз. Мұның бәрін Халықтар достығы ассамблеясы арқылы Ата заңға енгізіп отыр.

Міне, өз ұлтының тағдырын қорғаушы азаматтардың жанайқайы осылай. Ұлтшылдар Алматыдағы Астана алаңына – елім, ана тілім, деген жүрегінде оты бар жандарды шақыруды ұйғарды.

Өзгенің үстіндегі жылтыраққа үйір қайран қазекем өзін-өзі қашан таны екен...

Шара ҚҰРБАНОВА

«Жас қазақ үні»

11.09-18.09.2009 ж.

0 пікір