26 Мамыр 2019

Шахановқа сатқындық шабуылдар тоқтатылсын!


17/04/2019 116 0

Жаңа Конституция бойынша Мәжіліс депуттары пропорционалды сайлау жүйесімен құрылатындықтан Парламентке мемлекеттік тіл мәселесін жүйелі көтеріп келе жатқан Мұхтар Шаханов таяуда өзге де тіл жанашырларымен бірге «Халық рухы» атты партия құратындықтарын мәлімдеді. Елімізде тек материалдық байлықтың бірінші қатарға қойылып, рухани құндылықтардың соңғы қатарға ысырылуы себепті республикамыздағы барлық ұлт пен ұлыс өкілдерінің ортақ мүддесін көтеруге бағытталған М.Шахановтың бұл бастамасын көптеген қоғамдық ұйымдар  қолдап, зор түсіністікпен қабылдады. Себебі, бұдан былай қай мәселенің де тек партия арқылы  шешім табатындығы белгілі. Сондықтан да тіл, өзге де рухани мәселелерді көтеретін партия қажет. Басқа партиялар ондай мәселелерді атқарып отырған жоқ.

         Алайда М.Шаханов бастаған тіл жанашырларының «Халық рухы» атты пария құратындықтары туралы үндеуі жарияланысуымен-ақ партияға тосқауыл болуға тырысушы ұйымдастырылған топтар жан-жақтан бой көрсете бастады. Өздерін ұлт жанашырлары санатына жатқызатын кейбіреулер де өздерінің шынайы бетпердесін ашып, екіжүзділік кейіптерін аңғартып алды. Ұлттың рухани мәселелері алға шыққанда әлі де талайлардың сатқындық танытатындығы күмәнсіз. Бізді бәрінен бұрын, жау жағадан алғанда  бөрі етектен тартатындығы күмәнсіз.

Бізді бәрінен бұрын, жау жағадан алғанда, бөрі етектен тартатынның  керін келтіріп, жатқандардың арасында кезінде «орыс партиясын»  құрушылардың бірі космополит қандасымыз Ж.Базылбаев пен желтоқсандықтардың атын жамылған Гүлбахрам Жүністің аузына келген сөзді көкуі бізді қатты алаңдатады. Ұяттан безген Г.Жүніс «31-телеарнасының» орыс редакциясы жүргізген «Состояние.kz» атты хабарда М.Шахановқа қисынсыз жала жауып, оның Желтоқсан көтерілісінің ақ-қарасын ашуда еңбек сіңірмегенін айта келіп, шен-шекпен іздеген адам деген пікір қалыптастыруға тырысуы тіпті күлкі шақырады. Өз сөзіне есеп бере алмайтын, ішкілікке салынған бұндай жауапсыз адамның желтоқсаншылар атынан сөз сөйлеуі, кейде тіпті «Мен Президент боламын» деп кеуде соғуы Желтоқсан көтерілісіне қатысушылардың ашу-ызасын келтіреді.

М.Шаханов қай кезде желтоқсаншылардың ғана емес, бүкіл қазақ халқының айбары әрі мақтанышы болып қала береді. Оның атына Гүлбахрам Жүніс сияқты құлқынның құлы боп жүргендер көлеңке түсіре алмайды. Сондай-ақ билік тарапынан ұсынылған жоғары наградалардан  өз еркімен  бас тартқан, қашанда пенделік ұқсастықтан биік тұратын М.Шахановқа ұлшылдық қамытын кигізіп, бір жақты хабар жүргізген «31-арнадағы» жаңалықтар қызметінің бас продюсері Виктор Климов басқаратын орыс редакциясы да М.Шахановтан кешірім сұрауы тиіс.

 

ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР АТЫНАН:

Бақтыбек ИМАНҚОЖА,

 «Желтоқсан рухы»  қоғамдық бірлестігінің төрағасы Төлеген ӘЛЖАН,

 «Желтоқсан жаңғырығы» қоғамдық бірлестігінің  төрағасы  Қалдыбай ӘБЕНОВ,

 Желтоқсан көтерілісі туралы «Аллажар» фильмінің  режиссері  Түгелбай ТАШЕНОВ

Талғат РЫСҚҰЛБЕКОВ

Аманжол НӘЛІБАЕВ

Ержан СЫПАТАЕВ (Ербол Сыпатаевтың ағасы)

Құрманғазы АЙТМЫРЗА

Амандық РАМАЗАНОВ

Құттыбек АЙМАХАН

Ерлан БАЙСЫМБЕКОВ

Ермұханбет ҚУАНДЫҚОВ

Үсіпхан СЕЙТІМБЕТ

Расылхан ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ

 

 

Дереккөз:

«Жас қазақ үні»

05.06.2007 ж.

0 пікір