21 Шілде 2019

МАХАМБЕТТІҢ МҰРАГЕРІ- МҰХТАР


07/04/2019 258 0

Қарасай ауданының Білім Басқармасының келісімімен Кемертоған орта мектебінде тәуелсіздік күні қарсанында  Желтоқсан көтерілісіне 32 жыл, Тәуелсіздігіміздің 27 жылдығына орай өткен  Мұхтар Шахановпен кездесуден кейінгі ой толғам.

Заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовті ұстаз тұтқан әлемнің сарабдал суреткері әйгілі Шыңғыс Айтматов Қазақтың қайсар құлагері, өршіл Ер Махамбеттің ізбасары атақты ақын Мұхтар Шахановқа әдемі баға беріпті: «Менің өте жақсы рухтас досым бар. Қазіргі таңда оған теңдес ақынды сен бүкіл Азия, тіпті Еуропа әдебиетіненде таба алмайсың»... ЮНЕСКО М.Шахановтың «Өркениеттің адасуы»,- атты өлеңмен жазылған романын «Қазіргі дәуірдегі әлемдік поэзияның биігі»,- деп таниды. «Ғасыр айырығындағы сырласу» эссе кітабының төртінші бетінде баға берген Фридрих Хицердің пікірі.

Өз уақытында заманымыздың ірі сөз суреткері, ғалым Зейнолла Қабдолов: «Бейімбет Майлинді мақтамауымыз керек, онымен мақтануымыз керек» дегендей біз де текке Шахановпен мақтанамыз, атақ даңқы бір басынан асарлық, руханият әлемінде өзінің үлесін бірден бір алған сөз зергері Мұхтар ағамыз еді. Өткен өмірге үңілер болсақ, зұлмат заманның құрбандары болған тендесі жоқ қаламгерлер Ахмет Байтұрсынов, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров, Міржақып Дулатовтар нар түйенің жүгін Мұхтар Әуезовке табыстап «Сен аман бол, сен келешек ұрпаққа біз жаза алмаған ұлы туындыларды сен жекткізерсің деп Мұхтар Әуезовке аманаттаған екен. Өз кезінде сөздің жілік майын шағатын ғажайып жазушы Жүсіпбек Аймауытов дүниеден өткенде Мұхтар Әуезовтің көзінен қан сорғалап, ұлы суреткердің кетіп қалғанына қатты қайғырған. Классик жазушы сөз сүгірінің өткеніне іштей өкініште қалған. Бүкіл сұрапыл заманда қырылып кеткен қазақ қаймақтарының қайғысын жеген, мұң-шері шерменде болып жүрегінде қатқан ұлы суреткер Мұхтар Әуезов «Абай жолы» эпопеясын жазып, шейіт болып кеткен қаламгерлерге сом шығармасымен ескерткіш орнатты.

60- жылдар қазақ әдебиетінде клең сөз семсерлері бәйгеге түскен аламан жарыста сұрыпталған күліктері топ жарып шыққан Мұқағали Мақатаев, Жұмекен Нажимеденов, Асқар Сүлейменов, Төлеген Айбергеновтер мәреден оза шауып өткенмен олар Тәуелсіздіктің бал қаймағын көре алмады. Ол Тәуелсіздіктің дәмін тату бақыты Мұхтар Шаханов ағамызға бұйырыпты. Біз басқа жазушылардың барлығына тоқталып отырған жоқпыз, жұлдыз боп жарқырап, өздерін мойындатып өткен ұлыларға тоқталдық. Сол 60- жылдардағы ақын- жазушылардың асыл арманын, шыңдықтың шырайын айту Мұхтар Шахановқа бұйырған екен. Сондықтан да кейбіреулерге қызғану емес қызығу деген нәрсені басты назарға алып, іштарлық, көреалмасытқ дерттерден айығайықшы, ағайын!? Асылында, асыл сөз айдынында қайтпай қайсарлық танытқан әдебиетке үлкен серпіліспен келгенін біреу білер, біреу білмес. Ал, кешегі қылышынан қан тамып тұрған арпалыс кезінде қан демей, қара демей шыңғырып шыңдықтын пердесін ашқан шынында Мұхтар Шаханов ЕР емес пе!? Өзінің жеке басынан, дүние байлығынан ұлт мүддесін жоғары қойған аршылан азаматтың үні- желтоқсанның уілі болып тұрды емес пе! Сол бір кезеңде қазақтың ірі ақыны тарихтың парақтарын ақтарсақ қарға бойлы Қазтуған, сөзі семсер Ақтамберді, ерліктің ұраны Махамбеттердің рухы бойларына сіңген Мұхтар Шаханов ағамыздың «Тіл, ұлт тағдыры» туралы қасқайып Кремльдің қақ төрінде қаймықпай ұлты үшін, ұрпағы үшін өршілдікпен өр сөз айта білген хас батырымыз. Кешегі ел, жер деп өздерін құрбан қылған қайран Махамбет баһадүріміз-ай, қапыда кеттің ғой, егер сен тірі болған да, егер қазақтың соңғы ханы қаһарман Кенесары бабамыз тірі болғанда қазақ қайманасы найзағайдай жарқылдарма еді. Ол бір арыстандар айбарын айға білеп өткен абадандардың  жайыны ұлтымыздың көкірегінде от боп қалды. Иә, жаратушы Тәңіріміз азаттықтың туын, армандаған бостандықтың буын, ар ұяттың суын қайта бір қариялы Қазаққа берді. Енді, қайырын берсін! Ата- бабамыздың қаншама ғасырлар бойы көздерінен көл болып аққан қанды жастарының есебін кім береді? Ұлы Тұран елінің  асыл бір арман тілегі орнап тәуелсіздігімздің көк байрағы қолымызға тиді. Ұзағынан болсын!

 

Авторы: Бақытбек Мауленұлы

0 пікір