30 Наурыз 2020

Ана тіліміздің жайына алаңдаған Айтулы ақын әрі депутат Мұхтар Шаханов облысымызға ат басын тіреді


03/03/2020 12 0

Ана тіліміздің жайына алаңдаған

Айтулы ақын әрі депутат Мұхтар Шаханов облысымызға ат басын тіреді

Халқымыздың қадірлі азаматтарының бірі ғана емес, бірегейлі, Қазақстанның халық жазушысы, Қырғызстанның халық ақыны, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, ана тіліміздің шынайы жанашыры Мұхтар Шаханов алдыңғы күні облысымызға келді. Көзі қарақты оқырман Мұхаңның Парламент қабырғасында кейінгі кездері арқауы босаңқырап, өрісі тарылыңқырап, өз елінде жетімдік көріп жүрген қасиетті қазақ тілінің атамекенінде еңсесін тіктетіп, тамырына қан жүгіртемін деп, жарғақ құлағы жастыққа тимей жүргендігінен мол хабардар. Сондықтан оның әрбір бастамасы мен үндеуіне ерекше зер салып, үнемі қолдау көрсетіп отыратындығы түсінікті де. Мұхаңның өзінің айтуына қарағанда, біздің облысымыздағы ана тілінің жағдайы да алаңдатады. Депутат бұл жағдайды өз көзімен көріп, мәселені ойға салып, сараптап, мемлекеттік тілдің өлкемізде кең қанат жаюына қолдан келген көмегін тигізбек. Осы мақсатпен әуелі бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен дидарласып, жұма күні осындағы ана тіліміздің барша жанашырларымен жүздесіп, келелі әңгіме өрбітпек.

–Қалай болғанда да бізге қозғалыс керек, –Мұхаң. Аа –Ашығын айтсам,анна тіліміздің қазіргі жағдайына үлкен алаңдаудамын. Тіл болмаса мемлекет те жоқ, ұлттың да болашағы бұлыңғыр.

                   АЙСАҒАЛИ ЖАСҰЛАН

                                               Қостанай таңы

                                               (16759) 20 шілде 2005 жыл.

 

0 пікір