10 Шілде 2020

ЖҰБАЙЛАР БАР ӘҢГІМЕСІ ТАУСЫЛҒАН


29/02/2020 87 0

ЖҰБАЙЛАР БАР ӘҢГІМЕСІ ТАУСЫЛҒАН

Гамбург сотына бір әйел күйеуімен ажырасатыны жайлы өтініш тапсырды. Бітімге шақырған сот мүшелеріне әйел үзілді-кесілді қарсы тұрып, мынандай уәж айтты:

-Бірге тұрмыс құрған 17 жыл ішінде жұбайымның менімен әңгімесі үш - ақ сөйлемнің төңірегінде болды. Таңертеңгі айтатыны- «қайырлы таң», кешкілік жұмыстан оралған соң «Тамаққа не бар?» - деп сұрайды. Ал сағат түнгі 11-ді көрсеткенде, «Ұйқыға жатайық» дейді.

Сот әйелдің күйеуімен ажырасу талабын орынды деп тапты.

                                                                           (газеттен)

Тағдырыңды қатігез де, сараң де,

Сен сүйгенмен ол сүймесе шараң не?

Махаббат ол - қос жүректің әні ғой,

Өзіне сай дауыс керек әр әнге.

 

Сүйіктім-ау,

Сәнсіз өмір мәнді ме?

Мәнсіз адам шырқай алмас әнді де.

Бәсеңдетпе,

Қарлықтырма даусыңды

Бақытсыз боп қалмау үшін мәңгіге.

 

Сүйіктім-ау,

Әнсіз өмір мәнді ме?

Ән түзелсе түзейміз ғой сәнді де.

Жұбайлар бар әңгімесі таусылған

Ал махаббат - таусылмайтын әңгіме!

 

Мұхтар ШАХАНОВ

0 пікір