30 Наурыз 2020

Мұхтар Шаханов: "Қазақтың өзегі, жұлыны – тіл"


10/03/2020 19 0

«Қазақтың өзегі, жұлыны – тіл»

Мұхтар Шаханов,

Ақын, «Мемлекеттік тіл» қозғалысының жетекшісі:

 

– Мемлекеттік қызметкерлердің 80 пайызы мемлекеттік тілді білмейді. Қазақ тілі жойылса, жазушылардың кітаптарының кімге керегі бар? Қоғамның ролін ешкім жоққа шығара алмайды. Қазіргі кезде тіл үшін жүріп жатқан күрес – қоғамдық күрес.

 

Әзілхан НҰРШАЙЫҚОВ,

Халық жазушысы, «Мемлекеттік тіл» қозғалысының басқарма мүшесі:

– Бірінші  Петр боярлар  қоғамын зорлап сақал кескізгені сияқты, біз де зорлап қазақ тілін үйретуіміз керек. Қазақша білмейтіндерге қазақ тілін үйрету үшін мынандай іс-әрекет жасау керек: оларды қаладан ауылға жер аудару, қазақ тілін білмейтін жастарды жоғары оқу орнына қабылдамау, оларды «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелге оқуға жібермеу.

 

Ғалым Боқаш,

Алматы қаласы әкімінің орынбасары:

–Тіл мәселесін айтқанда, көңіл аударатын үш мәселе бар: біріншісі – мемлекеттің міндеті, қоғамның міндеті, әрбір отбасының міндеті. Өз басым Алматы қалалық көші-қон департаментінің бір жыл ішінде қазақ тілінде жазу жазып, қазақ тілінде жауап беретін  департаментке айналарына  уәде беремін.

 

Түркістан

Халықаралық саяси апталық

№09 (555) 3  наурыз 2005 жыл.

0 пікір