30 Наурыз 2020

ҚАУІПТІ МОЛЕКУЛАЛАР


12/03/2020 10 0

ҚАУІПТІ МОЛЕКУЛАЛАР

(ОН, Н2О, NH3)

Әлімжан Құртаевқа

Санатты-санатсыз, қанатты-қанатсыз ғасырлар аясында қазақ жерінде бір ғана дін –ислам діні салтанат құрды. Кейіннен орыстандыру саясатының ағымына орай екінші дін –христиан діні келіп қосылды. Бүгінгі таңда елімізде сала- саланы қуынған төрт мыңнан астам заңды түрде тіркелген сан қилы діндердің бөлшектері, ұйымдары бар. Соның бір тармағы ғана дұрыс, қалғаны негізгі бағыттан ауытқу.

Америка діндерді бөлшектеуге, ірітуге, оларды өзара бәсекеге ендіріп, таластыруға жыл  сайын 11миллиард доллар қаржы бөліп отыр. Сол қаржының үлкен бөлігі Қазақстанға келіп құйылуда. Егерде сіз, мұсылман ретінде, намазды күнбатысқа емес, күншығысқа қарап оқытатын жаңа тармақ ашамын десеңіз, осы мәселемен шұғылданатын арнайы, жасырын топтың құрметіне, қолдауына ие боласыз... Бірақ өмірде шатасу мен шатастырудың жетістікке бағалануынан артық сорақылық бар ма екен?

 

Темір мен темір қосылмайды екен,

Мың градустан артық балқытпаса егер.

Көңіл мен көңіл қосылмайды екен,

Қос үмітке ортақ жол шықпаса егер.

 

Сау басты дауға шататыны қалай,

Ежелден бұлар ойқас қауым ба?

Бітіспес жаулық жататыны қалай

Молекулалардың шайқастарында?

 

Ізденсең терің тамшылар әлі,

От керек отпен бәстесуге де.

Енбеген заттар бар шығар әлі

Менделеев шалдың кестесіне де.

 

Тартады не сый заманың тағы,

Шын достықтың ғана табылмас құны.

Жасасын құрылыс алаңындағы

Құм менен цемент бауырластығы!

 

Шошынған үміт, тосырқаған арман,

Ызалы мұңын себуде саған.

Молекулалары қосылмағандардан

Қаншама зиян шегуде ғалам.

 

Бұзылды лезде отасқан талғам,

Бірікпес бұлттар ауып келеді.

Рухы, діні шатасқандардан,

Абайла,үлкен қауіп келеді...

Мұхтар ШАХАНОВ

0 пікір