06 Маусым 2020

Наурыздың оралуы немесе үш анықтамаға байланған өлең


14/03/2020 54 0

1988 жылы мен үшін рухани жеңіс жылы. Республикамыздың жаңа басшысы Г.В.Колбинмен және бір топ өз ұлтымыздың нигилистерімен өткен мылтықсыз шайқаста асығым алшысынан түсті. Қазақстанда 1926 жылдан бастап наурыз мерекесін ресми түрде тойлауға тиым салынғаны, сонда дабұл мейрамды жыл сайын көне көз қарттары бар үйлер өзінше атап өтіп келгені белгілі. «Наурыз- ислам дінінің қалдығы» деген сыңаржақ пікірді малданып көлденең тұрмақ болғандар жеңілді. Наурызды мемлекеттік деңгейде тойлау туралы менің ұсыныс - хатымды  Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті Бюро мүшелерінен тек екі адам – Н.Назарбаев пен Ө.Жәнібеков қана қолдапты. Қалған бюро мүшелерінің бәрі қарсы дауыс беріпті. «Сондықтан «Наурыз» мерекесін тойлай алмаймыз» деді Колбин. Сол кезде мен Колбинге: «Елімізде Желтоқсан оқиғасы екі ұлттың- қазақ пен орыс халықтарының арасына сына қақты. Егер сіз «Наурыз» мерекесін тірілтіп берер болсаңыз қазақ ұлты қазіргі билікке, әсіресе өзіңізге басқаша көзбен қарар еді. Әрі «Наурыз» мерекесінің дәстүрінде «бір -бірімен ренжіскен адамдар наурыз кезінде бұрынғы өкпесін ұмытып, жаңа рухани биікке көтерілуі тиіс» деген талап бар» екенін айтқанымда, оның көзі жайнап кетті. Екі қолымен басын ұстап, ойланып отырда да: «Дұрыс, онда Наурыз» мерекесін тірілттік деп есептей беріңіз! Енді маған бұл идеяға Горбачевті көндіру қиындыққа түспейді» деді.

Наурыз мерекесін сол 1988 жылы (22- наурыздан кешігіп қалғандықтан ) 22- сәуірден бастап Алматы қаласында, Алматы облысының Еңбекшіқазақ, Жамбыл аудандарында ресми түрде тойлауға рұқсат алдым.

1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінен кейін тиісті орындармен алдын - ала келісілген жиындар, той - томалақтар болмаса, 7-8 адамнан артық топ құрып әңгімелесуге жасырын түрде тиым салған-ды. (Мәселен, қауіпсіздік комитетінің өкілі Жазушылар одағы мен «Жалын» журналына мұны арнайы келіп ескерткен болатын).

Наурызды атап өтуге Алматыдағы М.Горький атындағы демалыс паркіне 100 мыңнан астам халық бас қосты. Бір- бірін құттықтап, көзіне жас алған адамдарда есеп жоқ. Қазір ойлап қарасам, 1988 жылдың көктемі менің және сол кезгі рухтас- замандастарымның ең бір сәулелі сәті екен-ау.

Нақ сол жылы бір шаруашылықтан екінші шаруашылық, бір мекемеден екінші мекеме іліп әкетіп, еліміздің ең көне мейрамы қыркүйек айына дейін тойланды. Келесі жылы Наурыз мерекесін біздің бастамамызды басшылыққа алған Қырғызстан, Өзбекстан,Тәжікстан,Түрікменстан, Әзірбайжан республикалары және Кеңестер Одағындағы барлық түркі тілдес халықтар тойлады. Сөйтіп біз 62 жылдан кейін, Кеңестер Одағы салтанат құрып тұрған кездің өзінде - ақ, «Наурыз» тойының қайта өркен жаюына септігімізді тигізіп едік.

Әрине, ол тұста қазақ тілі –мемлекеттік тіл емес. Президент әкімшілігі мұрағатының бұрынғы меңгерушісі Людмила Дегитаева тауып берген, Кеңестік дәуір талабына сай орыс тіліндегі (бүгінде тарихқа айналған) мына екі құжаттан да және асығыс түрде жазылып, М.Горкий паркінде оқылған шағын өлеңнен де, сол үрікпелі, үмітке толы кезеңнің қайсар құлшынысын аңғару қиын емес.

                                                                  15-  сәуір, 2006ж.

                                               Первому секретарю

                            ЦК КП Казахстана тов. Колбину Г.В

...У меня есть конкретное предложение.

У казахского народа существуют свои традиции, свои праздники. Одним из таких праздников являлся «Наурыз». Заимствованное из фарси, это понятие, постепенно стало символизироват приход весны, пору обновления жизни. «Наурыз»  массово праздновался каждый год, начиная с 22- марта. В этот день выравнивается продолжительность дня и ночи...

В этот день можно каждому посадить по дереву в своем дворе, улице, селе или городе. Недавно мне пришлось говорить об этом на страницах газеты «Лениншил жас», выступая по «Прямому телефону» реакции. Судя  по откликам, высказанная мысль нашла поддержку у общественности.

Думается, что эту добрую традицию необходимо возродить как народный праздник, который стал бы таким же массовым, красочным, жизнерадостным, как праздник «Русская зима», «Сабантуй» в Повольже...

Хочется надеяться, что это предложение найдет Вашу поддержку и понимание.

С уважением,

Секретарь правления Союза писателей Казахстана,

главный редактор журнала «Жалын,

председатель общественного комитета

по проблемам Арала  и Балхаша             М.ШАХАНОВ

                                                                  27 февраля 1988г.

ЦК КОМПАРТИИ КАЗАХСТАНА

               О письме т. Шаханова М. теку

Письмо т.Шаханова М. О возрождении праздника «Наурыз»  рассмотрено в отделах пропаганды и агитации, организационно партийной работы и культуры ЦК. Признано целесообразным развивать народные традиций праздника, имеющие место в Чимкентской, Кзыл- Ординсой и других областях республики, наполнить его новым, современным содержанием. В ходе проведения мероприятий усилить экологическое воспитание населения.

По согласованию с партийными и советскими органами Чимкентской и Кзыл- Ординской областей элементы праздника «Наурыз» будут отрабатываться в отдельных  районах этих областей в марте - апреле текущего года с последующим их распространением. Министерству културы (т. Бибатырова Г.А.), творческим союзам республики поручено оказат методическую помощь местным органам культуры в разработке сценария и проведении праздника.

С автором писма составлена беседа в Отделе пропаганды и агитации ЦК. Ответом он удовлетворен.

Просим письмо снять с контроля.

Заведующий Отделом

Пропаганды и агитации

ЦК Компартии Казахстана              А.Устинов

 

Заведующий Отделом

Организационно партийной

Работы ЦК Компартии Казахстана      О.Вино 21градов

 

Заведующий Отделом

Культуры ЦК

Компартии Казахстана                             К.Смаилов

                                                                      « 23» марта

1988 года

ма- I 21. 03. 88г.

уч №3/ 197 исп. В.Махин

Қанша ғасыр сән берген даламызға

Өзгеше бір әні едің байтақ елдің.

Сәлем, Наурыз!

Сен біздің арамызға

Алпыс екі жылдан соң қайта келдің.

 

Сен ең көне жырысың санамыздың,

Рухи шаттығымсың тасып толған.

Сені тойлап, бабасы бабамыздың

Әжемнің әжесіне ғашық болған.

 

Сен бүгін арнасысың дара күйдің,

Сан пейілдің төрінен күлімдейсің.

Сен менің ұлы бабам Фарабидің

Кешігіп елге жеткен үніндейсің.

 

Басыңды көтер қане күн қақтаған,

Сен енді басқа айқайға бұрылмайсың.

Тымырсық, тылсым жылдар тыңдатпаған

Сен бізге Шәкәрімнің жырындайсың

 

Ғасырды көктеп өтіп сұңқар сезім,

Немерем тік көтеріп уақыт туын,

Ғашығына арнаған іңкәр сөзін

Өзіңнің тойыңда айтса, бақыттымын!

                                                                     20-  сәуір1988ж.

0 пікір