30 Наурыз 2020

Шаханов қазақ тілді газеттерге қырын қарай ма?


05/03/2020 14 0

Құрметті депутат-әріптестер!

 «Начнем с понедельника» апталығының 23-ші нөмірінде Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің оқытушылары мен қызметкерлерінің ашық хаты жарияланды. Ондағы көзделген негізгі мақсат – аталған университеттің №12 жатақханасындағы өздерінің жекешелендіріп алған бөлмелерін сақтап қалу. Хат Алматы қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетовтің, Білім және ғылым министрі Бірғаным Әйтімованың, Алматы қаласы депутаты Тұрарбек Асановтың және менің атыма жолданған.

Әрине, хатта келтірілген деректерді тексеру жұмысымен Р.Түсіпбеков басқаратын Бас прокуратура айналысуы тиіс. Сонымен қатар, соңғы уақытта үйді жекешелендіру төңірегінде туындайтын даулар қауіпті тенденцияға айналып отырғандығын мойындауымыз керек. Сондықтан да, бұл мәселені бүге-шігесіне дейін қарау қажет.

Президенттің тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып отырған Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы өз жемісін беруде, нақты нәтижелер бар. Мысалы, Астана қаласында 1,5  мың отбасыға 1 шаршы метрі  350 АҚШ долларына бағаланған пәтер алуға мүмкіндік туды.Ірі қалаларда бағдарлама іске асты, ипотека механизмі өз-өзін ақтады. Дегенмен, мұның көлеңкелі тұстары да жоқ емес. Республикадағы коммерциялық банктер өз пайыздарын көтеруде.Парламент осыған назарын аударуы керек.

Үш жыл бойы жүргізілген ауылды қолдау бағдарламасының ауыз тұщытарлық нәтиже бергенін ашық айтқан жөн. Ауылды қолдауға бөлінген бюджеттің қаржысы құмға сіңген судай ұшты- күйлі жоқ болды. Сондықтан, мен күзде болатын келесі сессияда осы мәселе бойынша Үкіметтің есеп беруін сұраймын.

Қазіргі ауылдың халі тым мүшкіл. Тұрғын үйлердің әбден тозығы жеткен. Тек кейбір ауылдарда ғана мәдениет ошақтарының сұлбасы қараяды. Олардың көпшілігі басқа мақсаттарға пайдалануы немесе жабық тұр.Асығыс қабылданған Үкімет қаулысына сәйкес республикадағы 10 мыңға жуық кітапхана таратылып, тоналып, құрдымға кетті, ал балалар бақшасының жекешелендіру нәтижесінде басқа бағыттағы нысанға айналғаны көпшілікке аян нәрсе. Үкімет тарапынан қазіргі ауыл мәселесін шешудің тың жолдарын табу қажет.

Ірі қалаларда Тұрғын үй бағдарламасы аясындағы ипотекалық несие беру жүйесі қарқынды жүріп, ықпалдылығын көрсетті. Мұны ауылға да бейімдеп, қолданудың уақыты жетті. Әрине, оны іске асыру механизмдерінде ауыл тұрғындарының мүмкіндіктері ескерілуі керек. Егер Президент пен Үкімет осы мәселеге назар аударып, ұтымды шешім шығарса, ауылдар дамудың жаңа тынысымен қайта жанданар еді.

Мұхтар ШАХАНОВ

ҚР Парламентінің мәжіліс депутаты

Республикалық апталық газет

№17 (17) 1 шілде -7 шілде 2005 жыл.

0 пікір