10 Шілде 2020

Мұхтар ШАХАНОВ: Байлық пен сараңдық эллегиясы


19/01/2020 109 0

              Байлық пен сараңдық эллегиясы

                                                     Зауытбек Қарабековке

         Ойыма түйгенімді көңіліңізге келсе де айтайын. Шымкентте, сіздің 60 жасқа толуыңыздың құрметіне өткен үлкен ескерткіш сыйлықтар тапсырылды. «Мені құрмет тұтқан адамдардың бәріне ерекше алғыс сезімімді білдіремін. Өкпелей көрмеңіздер , өмірлік ұстанымым солай» дей келе, әлгі сыйлықтардың бәрін ұлтымызға өз шама- шарқынша  сәулесін түсірген ауыл, қала қарияларына, бір кезде өзіңізге қол ұшын берген адамдарға, жас ақын- жазушыларға үлестірдіңіз. Арқаңызға жабылған сол тұстағы шапандардың құны 100-150 доллардан кем емес екенін кскерсек, осының өзі біразқаржы емес пе? Тіпті біреу гобелен сыйлап еді, оны да бір кісіге арқалатып жібердіңіз. Газеттен оқыдым, қырғыз елінде өткен тойыңызда да дәл осындай мінез көрсетіпсіз. Бұл нендей дарақылық екенін түсінбедім. Ал, «Жас Алаш» газетінде сізді «шет елге барып жүрегін емдетуге ақша таба алмай жүр» деп жазды. Бар мүмкіндігіңізді тыраштанып осылай шаша берсеңіз сізге дүние қайдан жиналмақ? Әлде дарақылықтан рахат табасыз ба?..

                                               Жерлесіңіз Д...

         Отырар ауданы,Оңтүстік Қазақстан облысы

(Авторға жолданған хаттан үзінді)

 

       Адал адам ешқашанда байи алмайды.

                                                   Менандр

    Өз нәпсісін тыя білген адам ғана нағыз бай.

                                                                 Ф.Вольтер.

 

Тумысынан пенделікке, сараңдыққа байланған,

Бірнеше елді асырауға күші жетер байлар бар.

Асханада ерте, кеште, не кезеңде түстенер,

Әлгі зор бай екі адаммен бірге тамақ ішсе егер.

Тұлдыр, тақыр сараңдығы атой салып миында

Дірілдемек сол тамаққа төленетін тиынға.

Қадамымыз дәрменсіз бе жомарттыққа баулуда,

Сараңдық та ұқсамай ма жазылмайтын ауруға?

Жомарттықсыз адамзаттың шамы шырқау жана ма,

Сараңдық ол – әр тиынды туыс санау ғана ма?

Әлде байлық түп тамырын сараңдықтан ала ма,

Содан, сараң байыса да сараң болып қала ма?

Анда - санда қоға ішінен кездесер бір жалбыздай

Жомарт байлар неге стрек, бәлкім намыс, қан мұздай?!

Иә, байлар көп ғұмыр кешкен шын қуанып күлместен,

Байлығы өсе түскен сайын сараңдығы бірге өскен.

Бірақ дархан кедей аз ба, тірлігіне сұрапыл

Күн туса да, әр қимылын ізгілікке бұратын.

Өзгелердің алғысынан өз тағдырын құратын,

Өзгеге еткен жақсылықтан ләззат алып тұратын?..

........................................................................................

Айып па екен парқын үлгі тұтса бір ақын?

Заман мынау, қайыры жоқ жалтыр құзды аралдай,

Қиналсақ та емделуге кейде қаржы таба алмай

Тағдыр жазғай сол ізгілік өлкесінен қайтпауға,

Және халқым бар ма Аллаға үлкен алғыс айтпауға.

Бірнеше елді асырауға күші жетер сараң бай

Дірілдесе,

біздей еркін, жомарт кедей бола алмай....

0 пікір