21 Қазан 2019

Анатолий ЛУКЬЯНОВ


21/10/2018 307

Жұрт біле бермейтін бір шындықты айтайын. Г.Колбин М.Горбачевке: «Шаханов бастаған комиссия КОКП Орталық Комитеті Саяси Бюросының және сіздің беделіңізді түсіруге бар күшін салды. Шаханов комиссиясының ісін жоққа шығару үшін КСРО Қауіпсіздік Комитеті, КСРО Ішкі істер министрлігі және КСРО Прокуратурасы қызметкерлерінің арнайы бірлескен комиссиясын құру керек» деп Бас хатшыны көндірді. Комиссия үш-төрт айдай жұмыс істеді. Бірақ бұған қарсы М.Шаханов Кеңестер Одағының бірнеше баспасөздерінде және шетелдік басылымдарда үлкен айқай көтерді. М.Горбачевтің және менің атыма ашық хат та жариялады. Бұқпантайлап қайтемін, менің де «Осенов» деген жасырын атпен өлең жазатыным бар. Шаханов поэзиясына бұрыннан бүйрегім бұрылып тұратын. Осы құрметімнің де әсері болды ғой деймін, «егер Шаханов комиссиясының шешімін жоққа шығаратын кейінгі комиссияны жаппасақ, бүкіл қазақ елі көтеріліп, екінші Желтоқсан оқиғасына ұласуы әбден мүмкін» деп, әрең дегенде Горбачевті көндірдім.