25 Қазан 2021

Михаил ГОРБАЧЕВ


21/10/2018 551

Бүгін біздің «Үшінші мыңжылдықты қарсы алу» деген тақырып аясында, «Москва» қонақүйінің арнаулы бөлмесінде бас қосуымыз және менің ерекше қадір тұтатын қаламгерім Шыңғыс Айтматовтың ұсынысымен Мұхтар Шахановтың «Өркениеттің адасуы» атты өлеңмен жазылған романының үлкен үзіндісін тыңдауымыз бәрімізді руханият арнасына шығарды. Шаханов екеуміздің арамызда саяси деңгейдегі дау болғанын жұрттың көбі біледі. Бірақ Шахановтың мұншалықты биіктегі дара ақын екеніне, оның қоғам әлі ұғынып үлгермеген осызамандық рухани проблемаларды талдауы және компьютербасты жарты адамдар туралы өлеңі мені қайран қалдырды. Бұл ақынға мен бұрын да айтқанмын, қазір де сол ойымды қайталағым келеді: «Мұхтар мырза, саясаттың сізге не керегі бар? Мынадай биік тұрғыдағы жұртты таңқалдырар поэзияңызды дамыта беріңіз!»