25 Қазан 2021

Петр ЛУЧИНСКИЙ


21/10/2018 512

ЮНЕСКО-ның Кишиневте өткен «Әлемдік мәдениет және өркениеттер байланысы» атты халықаралық форумында Шыңғыс Айтматов өзіне берілген уақыттың үлкен бөлігін Мұхтар Шахановқа беріп, оның «Өркениеттің адасуы» атты өлеңмен жазылған шығармасын баяндама ретінде оқытты. Жиналған қауым орнынан тұрып қол соқты. Осы жиынның алдында ғана мен Ш.Айтматов пен М.Шаханов бірлесіп жазған «Құз басындағы аңшының зарын» оқып шығып, екі қаламгердің сан салалы ой толғауына тәнті болғанмын. Екі тұлғамен жолығып, ұзақ әңгімелесуім сезімімді өзгеше әсерге бөледі.