25 Қазан 2021

Шыңғыс АЙТМАТОВ


21/10/2018 646

Ол – жаңаша ойлау дүниесiнiң өренi. Менiң пайымдауымша, мұндай өзгеше мән-мазмұнға ие ақын бүгiнге дейiн күллi Азия әдебиетiнде болған жоқ. Бұған көз жеткiзгiңiз келсе, оның поэмалардан құралған “Жазагер жады космоформуласы” (Шыңғыс ханның пенделiк құпиясы) атты алып тынысты романын оқыңыз. Нақ осындай заңғар деңгейдегi ақын ХХ ғасыр мен ХХI ғасыр аралығында бой көрсетуi керек-ақ едi. Ол ақынның Мұхтар Шаханов екенi даусыз.

* * * Мұхтар Шахановтың жырларын ЮНЕСКО осызамандық поэзияның биігі деп бағалағаны баршаға аян. Ал, оның қазақ пен қырғызға кеңінен таныс әндерін тыңдасам болды, ерекше сезімге бөленемін. Мұхтардың поэзияда ғана емес, жүрек қылын шертер нәзік музыкада да ешкім қайталай алмайтын өзгеше дарын екенін, өз басым, көп жыл бұрын мойындағанмын.